Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы" Қарабалық ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 166 қаулысының (Нормативтік құқыктық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7960 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарабалық ауданының әкімі | Р. Халыков |