Мәслихаттың 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 425 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 9 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 17 сәуірде № 9958 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2023 жылғы 16 тамыздағы № 54 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 16.08.2023 № 54 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 425 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9431 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органның мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмегі түсініледі.";

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Әлеуметтік көмекті көрсету үшін мереке күндері:

      1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

      2) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;

      3) 9 мамыр - Жеңіс күні болып табылады.";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай, бір рет, азаматтардың мынадай санаттарына:

      1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      2) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні:

      1992 жылғы қыркүйек - 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      2003 жылғы тамыз - 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      1986 - 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      3) 9 мамыр - Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, 1000000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;

      ардагерлерге және Заңның 6, 7, 8-баптарында көрсетілген басқа тұлғаларға:

      майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерге, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      1944 жылғы 1 қаңтар - 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналарына және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      Заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген басқа тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.";

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне, табыстарын есепке алмай, ай сайын, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) Заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген ардагерлерге және басқа да адамдарға, тұрмыстық қажеттіліктеріне, табыстарын есепке алмай, ай сайын, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балаларға, табыстарын есепке алмай, ай сайын, екі еселік ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      4) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын, медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған және амбулаториялық емдеудегі адамдарға, табыстарын есепке алмай, ай сайын, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) білім беру гранттарының иелері, мемлекеттік бюджет төлемдерінің өзге де түрлерін алушылар болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, алғашқы техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі не жоғары білім (бұдан әрі - білім) алушы тұлғаларға, оның ішінде:

      өтініш берудің алдындағы соңғы он екi айда Қостанай облысы бойынша белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың жастарына;

      табыстарын есепке алмай, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен оқуын жалғастыратын халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын жастарға;

      табыстарын есепке алмай, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар, мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының оқу орындарында білім алуына байланысты, нақты құны бойынша оқу ақысын төлеу үшін оқу жылы ішінде жартыжылдықта бір рет аударылатын 400 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;

      6) мүгедектігі бар адамдарға, жедел емделуге, табыстарын есепке алмай, бір рет, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде;

      7) мүгедектігі бар адамдарға, дәрілік заттарды сатып алуға байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, бір рет, нақты шығындар мөлшерінде, 30 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;

      8) мүгедектігі бар адамдарға, олардың санаторийлерге, оңалту орталықтарына жол жүруі мен кері қайтуына байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, бір рет, 3 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      9) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына), табыстарын есепке алмай, бір рет, 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      10) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, тұрмыстық қажеттіліктеріне, бір рет, 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      11) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, қайтыс болған күні халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген, қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың адамдарына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, бір рет, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетiледi.";

      12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.";

      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Ай сайынғы әлеуметтік көмекті алу үшін:

      осы Қағидалардың 7-тармағының 1), 2)-тармақшаларында көрсетілген, бірінші рет өтініш білдірген адамдар өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      2) өтініш иесінің әлеуметтік дәрежесін растайтын құжатты;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 3)-тармақшасында көрсетілген адамдар (отбасылар) немесе заңды өкілдері өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      2) адамның иммун тапшылығы вирусымен ауруды растайтын құжатты ұсынады.";

      14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      2) осы Қағидалардың 7-тармағының 5) тармақшасы екінші абзацында, 7-тармағының 10), 11) тармақшаларында көрсетілген адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      Осы Қағидалардың 7-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген адамдар дәрігер растаған ағымдағы жылға рецептуралық бланкінің көшірмесін және кассалық және/немесе тауар чегін ұсынады.

      Осы Қағидалардың 7-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдар тұру фактісін және жол жүру құнын растаған құжаттарды ұсынады.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 15 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады.

      Қарасу аудандық мәслихатының төрағасы С. Кажиев

О внесении изменений в решение маслихата от 2 сентября 2020 года № 425 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение маслихата Карасуского района Костанайской области от 6 апреля 2023 года № 9. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 17 апреля 2023 года № 9958. Утратило силу решением маслихата Карасуского района Костанайской области от 16 августа 2023 года № 54

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Карасуского района Костанайской области от 16.08.2023 № 54 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Карасуский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" от 2 сентября 2020 года № 425 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9431) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:

      пункт 3 изложить в новой редакции:

      "3. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом в денежной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее - получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к праздничным дням.";

      пункт 5 изложить в новой редакции:

      "5. Праздничными днями для оказания социальной помощи являются:

      1) День вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан - 15 февраля;

      2) День защитника Отечества - 7 мая;

      3) День Победы - 9 мая.";

      пункт 6 изложить в новой редакции:

      "6. Социальная помощь к праздничным дням оказывается без учета доходов, единовременно, следующим категориям граждан";

      1) День вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан - 15 февраля:

      военнообязанным, призывавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим автомобильных батальонов, направлявшимся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим летного состава, совершавшим вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее - Союза ССР), в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      рабочим и служащим, обслуживавшим советский воинский контингент в Афганистане, получившим ранения, контузии или увечья, либо награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы или вследствие заболевания при прохождении воинской службы в Афганистане, где велись боевые действия, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      2) День защитника Отечества - 7 мая:

      военнослужащим Республики Казахстан, выполнявшим задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско-афганском участке в период с сентября 1992 года по февраль 2001 года, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим Республики Казахстан, принимавшие участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке в период с августа 2003 года по октябрь 2008 года, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, принимавшим участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе в период с 1986 по 1991 годы, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      3) День Победы - 9 мая:

      ветеранам Великой Отечественной войны, в размере 1000000 (один миллион) тенге;

      ветеранам и другим лицам, указанным в статьях 6, 7, 8 Закона:

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, проходившим в период Великой Отечественной войны службу в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      лицам вольнонаемного состава Советской Армии, Военно-Морского Флота, войск и органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, занимавшим штатные должности в воинских частях, штабах, учреждениях, входивших в состав действующей армии в период Великой Отечественной войны, либо находившимся в соответствующие периоды в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      лицам, которые в период Великой Отечественной войны находились в составе частей, штабов и учреждений, входивших в состав действующей армии и флота, в качестве сыновей (воспитанников) полков и юнг, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      лицам, принимавшим участие в боевых действиях против фашистской Германии и ее союзников в годы Второй мировой войны на территории зарубежных стран в составе партизанских отрядов, подпольных групп и других антифашистских формирований, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      работникам специальных формирований Народного комиссариата путей сообщения, Народного комиссариата связи, плавающего состава промысловых и транспортных судов и летно-подъемного состава авиации, Народного комиссариата рыбной промышленности бывшего Союза ССР, морского и речного флота, летно-подъемного состава Главсевморпути, которые в период Великой Отечественной войны были переведены на положение военнослужащих и выполнявших задачи в интересах действующей армии и флота в пределах тыловых границ действующих фронтов, оперативных зон флотов, а также членам экипажей судов транспортного флота, интернированных в начале Великой Отечественной войны в портах других государств, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      военнослужащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      лицам начальствующего и рядового состава органов государственной безопасности бывшего Союза ССР и органов внутренних дел, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей, либо вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденные медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Житель блокадного Ленинграда", в размере 60000 (шестьдесят тысяч) тенге;

      лицам из числа бойцов и командного состава истребительных батальонов, взводов и отрядов защиты народа, действовавших в период с 1 января 1944 года по 31 декабря 1951 года на территории Украинской ССР, Белорусской ССР, Литовской ССР, Латвийской ССР, Эстонской ССР, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии или увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей в этих батальонах, взводах, отрядах, в размере 60000 (шестьдесят тысяч) тенге;

      родителям и не вступившим в повторный брак вдовам воинов, погибших (умерших, пропавших без вести) в Великой Отечественной войне, супруге (супругу), не вступившей (не вступившему) в повторный брак, в размере 30000 (тридцать тысяч) тенге;

      супруге (супругу) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак, в размере 30000 (тридцать тысяч) тенге;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, а также лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, в размере 30000 (тридцать тысяч) тенге;

      другим категориям лиц, указанным в статьях 5, 6, 7, 8 Закона, в размере 5 месячных расчетных показателей.";

      пункт 7 изложить в новой редакции:

      "7. Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан при наступлении трудной жизненной ситуации оказывается:

      1) ветеранам Великой Отечественной войны, на бытовые нужды, без учета доходов, ежемесячно, в размере 10 месячных расчетных показателей;

      2) ветеранам и другим лицам, указанными в статьях 5, 6, 7, 8 Закона, на бытовые нужды, без учета доходов, ежемесячно, в размере 3 месячных расчетных показателей;

      3) детям, инфицированным вирусом иммунодефицита человека, без учета доходов, ежемесячно, в размере двукратного прожиточного минимума;

      4) лицам, больным активной формой туберкулеза, состоящим на диспансерном учете в медицинской организации и находящимся на амбулаторном лечении, без учета доходов, ежемесячно, в размере 10 месячных расчетных показателей;

      5) лицам, впервые приобретающим техническое, профессиональное, послесреднее либо высшее образование (далее - образование), для оплаты обучения по фактической стоимости, связанной с получением образования в учебных заведениях Республики Казахстан, перечисляемой один раз в полугодие в течение учебного года, в размере не более 400 месячных расчетных показателей, за исключением лиц, являющихся обладателями образовательных грантов, получателями иных видов выплат из государственного бюджета, из числа:

      молодежи из семей со среднедушевым доходом за последние двенадцать месяцев перед обращением ниже величины прожиточного минимума, установленного по Костанайской области;

      молодежи, относящейся к социально уязвимым слоям населения, продолжающей обучение за счет средств местного бюджета, без учета доходов;

      лицам с инвалидностью, имеющих рекомендацию в индивидуальной программе абилитации и реабилитации лиц с инвалидностью, без учета доходов;

      6) лицам с инвалидностью, на оперативное лечение, без учета доходов, единовременно, в размере не более 50 месячных расчетных показателей;

      7) лицам с инвалидностью, для возмещения расходов, связанных с приобретением лекарственных средств, без учета доходов, единовременно, в размере фактических затрат, не более 30 месячных расчетных показателей;

      8) лицам с инвалидностью, для возмещения расходов, связанных с их проездом в санатории, реабилитационные центры и обратно, без учета доходов, единовременно, в размере не более 3 месячных расчетных показателей;

      9) гражданину (семье), пострадавшему вследствие стихийного бедствия или пожара, без учета доходов, единовременно, в размере 50 месячных расчетных показателей;

      10) лицам из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума за квартал, предшествующий кварталу обращения, на бытовые нужды, единовременно, в размере 7 месячных расчетных показателей;

      11) лицам из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума за квартал, предшествующий кварталу обращения, на погребение умерших родственников, супругов, зарегистрированных на день смерти в качестве безработных в центре занятости населения, а также лицам из малообеспеченных семей на погребение несовершеннолетних детей, единовременно, в размере 15 месячных расчетных показателей.";

      пункт 12 изложить в новой редакции:

      "12. Социальная помощь к праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому местным исполнительным органом по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.";

      пункт 13 изложить в новой редакции:

      "13. Для получения ежемесячной социальной помощи:

      впервые обратившиеся лица, указанные в подпунктах 1), 2) пункта 7 настоящих Правил, предоставляют заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность (для идентификации личности);

      2) документ, подтверждающий социальный статус заявителя;

      лица (семьи) либо законные представители, указанные в подпункте 3) пункта 7 настоящих Правил, предоставляют заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность (для идентификации личности);

      2) документ, подтверждающий заболевание вирусом иммунодефицита человека.";

      пункт 14 изложить в новой редакции:

      "14. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган или акиму поселка, села предоставляет заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность (для идентификации личности);

      2) сведения о доходах лица (членов семьи), указанных в абзаце втором подпункта 5) пункта 7, подпунктах 10), 11) пункта 7 настоящих Правил;

      3) акт и/или документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации.

      Лица, указанные в подпункте 7) пункта 7 настоящих Правил предоставляют копию рецептурного бланка за текущий год, заверенную врачом, и кассовый и/или товарный чек.

      Лица, указанные в подпункте 8), пункта 7 настоящих Правил предоставляют документы, подтверждающие факт проживания и стоимость проезда.

      Для получения социальной помощи, которая назначается независимо от доходов лица (членов семьи), сведения о доходах лица (членов семьи) не предоставляются.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяет свое действие на отношения, возникшие с 15 февраля 2023 года.

      Председатель Карасуского районного маслихата С. Кажиев