Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 14 қазандағы № 60 шешіміне (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 25064 болып тiркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) қағидаларына (бұдан әрі - шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.";
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының 4 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасу аудандық мәслихатының төрағасы | С. Кажиев |