Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 19.04.2024 № 128 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2016 жылғы 6 маусымдағы № 32 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6503 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 28 қарашаға № 661 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 174591 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасу аудандық мәслихатының төрағасы | С. Кажиев |