"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Боровское ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Қостанай облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес Боровское ауылының әкімі ШЕШТІ:
1. Боровское ауылындағы Тубсанаторий көшесі Мұхамеджан Қарабаев көшесі болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ж. Турагулов |