Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 38-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны Павлодар облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Байханов |
Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 90/2 қаулысына қосымша |
2023 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері
Бюджет | Субсидия көлемдері, мың теңге | |||
бірегей тұқымдар | элиталық тұқымдар | бірінші репродукция тұқымдары | бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары | |
Жергілікті | 18 405 | 355 166 | 148 845 | 364 115 |
Жиыны: | 886 531 |
Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 336/4 қаулысына қосымша |
2023 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері
Ескерту. Қаулы 2-қосымшасымен толықтырылды - Павлодар облысы әкімдігінің 20.12.2023 № 336/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Бюджет | Субсидия көлемдері, мың теңге | |||
бірегей тұқымдар | элиталық тұқымдар | бірінші репродукция тұқымдары | бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары | |
Республикалық | 42 288 | 589 492 | 627 890 | 140 330 |
Жиыны: | 1 400 000 |