Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 38-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 569-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2023 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы | И. Теренченко |
Павлодар облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 32/3 шешіміне қосымша |
Павлодар облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2023 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері
Р/с № | Арнайы су пайдалану түрлері |
Өлшем | Төлемақы мөлшерлемелері, теңге |
1 | Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер | 1000 текше метр | 189,81 |
2 | Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде | 1000 текше метр | 1090,68 |
3 | Ауыл шаруашылығы | 1000 текше метр | 307,32 |
4 | Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | 1000 текше метр | 307,32 |
5 | Су көлігі | 1000 тонна шақырым | 42,18 |