Павлодар қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 79/9 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 30 қарашада № 7428-14 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағы, 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағы, 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Павлодар қалалық мәслихатының "Павлодар қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" 2016 жылғы 4 шілдедегі № 48/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5179 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы К. Кожин

  Павлодар қалалық
маслихатының 2023 жылғы
24 қарашадағы № 79/9
шешіміне қосымша

Павлодар қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшері

      1. Осы Павлодар қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" № 84 бұйрығымен бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

      3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

      5. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге қажетті құжаттар тізбесі Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады.

      7. Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы, қала шегінен тыс жерлерге тұрақты тұру үшiн шығуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      8. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері тоқсан сайын әрбір мүгедектігі бар балаға сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.

      9. Артық төленген сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

      10. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Павлодаре

Решение Павлодарского городского маслихата Павлодарской области от 24 ноября 2023 года № 79/9. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Павлодарской области 30 ноября 2023 года № 7428-14

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", Павлодарский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Павлодарского городского маслихата "О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в городе Павлодаре" от 4 июля 2016 года № 48/6 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5179).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Павлодарского городского маслихата К. Кожин

  Приложение
к решению Павлодарского
городского маслихата
от 24 ноября 2023 года
№ 79/9

Порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Павлодаре

      1. Настоящий порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Павлодаре разработаны в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью" (далее - Правила возмещения затрат), утвержденными Приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2021 года № 84 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере".

      2. Возмещение затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану (далее - возмещение затрат на обучение) производится государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Павлодара" (далее – услугодатель) на основании справки из учебного заведения, подтверждающей факт обучения ребенка с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью на дому.

      3. Возмещение затрат на обучение (кроме детей с инвалидностью, находящихся на полном государственном обеспечении и детей с инвалидностью, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей или иным законным представителям детей с инвалидностью, независимо от дохода семьи.

      4. Возмещение затрат на обучение производится с месяца обращения по месяц окончания срока, указанных в справке из учебного заведения, подтверждающих факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      5. Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются через некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" или веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz.

      6. Перечень документов, необходимых для возмещения затрат на обучение предоставляются согласно приложению 3 к Правилам возмещения затрат.

      7. При наступлении обстоятельств, повлекших прекращение возмещения затрат (достижение ребенком с инвалидностью восемнадцати лет, окончание срока инвалидности, в период обучения ребенка с инвалидностью в государственных учреждениях, смерти ребенка с инвалидностью, выезд на постоянное место жительство за пределы города), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.

      8. Размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану равен восьми месячным расчетным показателям в квартал на каждого ребенка с инвалидностью.

      9. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или судебном порядке.

      10. Основания для отказа в возмещении затрат на обучение предусмотрены строкой девять приложения 3 к Правилам возмещения затрат.