Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес, Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақсу қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақсу қаласының әкімі | Н. Дюсимбинов |
Ақсу қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 62/2 қаулысына қосымша |
Ақсу қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. 2015 жылғы 8 сәуірдегі "Ақсу қаласында кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін ғимараттар беру туралы" № 245/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4438 болып тіркелген);
2. "Ақсу қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі "Ақсу қаласында кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін ғимараттар беру туралы" № 245/4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 8 мамырдағы № 331/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6355 болып тіркелген);
3. "Ақсу қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі "Ақсу қаласында кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін ғимараттар беру туралы" № 245/4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 711/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6985 болып тіркелген).