Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу қалалық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 218/29 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5989 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы | М. Омаргалиев |