Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 5 сәуірдегі ""Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 236/27 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5959 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы | Н. Макраев |