Алматы қаласында меншік иелерінің келісімі болған кезде азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебайқау мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXXII сессиясының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 213 шешiмi. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2023 жылғы 19 қаңтарда № 1709 болып тіркелді

      "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 18) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласында меншік иелерінің келісімі болған кезде азаматтар көп жиналатын орындарда бейкамералар орнату және бейнебайқау мониторингін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының төрағасы С. Канкуров

  Алматы қаласы
мәслихатының 2023 жылғы
17 қаңтардағы № 213 шешіміне
қосымша

Алматы қаласында меншік иелерінің келісімі болған кезде азаматтар көп
жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау
мониторингін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Алматы қаласында меншік иелерінің келісімі болған кезде азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Заңының 3-бабының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" Заңына сәйкес әзірленген және Алматы қаласының аумағында бейнебақылау жүйелерінің меншік иелерінің келісімі болған жағдайда азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Алматы қаласының бірыңғай бейнемониторинг жүйесі - қалалық міндеттерді шешу үшін бейнеаналитиканы қалыптастыру функцияларын іске асыратын, Алматы қаласы бойынша бейнекескіндерді жинауды, өңдеуді және сақтауды жүзеге асыратын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығын білдіретін және ақпараттық жүйе;

      2) Бейнемониторинг орталығы - Алматы қаласы әкімі аппаратының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алматы қаласының құтқару қызметі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тиісті шұғыл қызметтерге бейнеаналитика және сигнал беру құралдарының көмегімен шұғыл сипаттағы оқиғаларды анықтау үшін бейне ағындарды қабылдауды, өңдеуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі.

      3. Бейнекамераларды орнату және бейнеағымдарды "Алматы қаласының бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне" шығару бейнеталдау - адамдарды детекциялау, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тану және ахуалдық талдау жұмыстарының мақсатты міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Азаматтар көп жиналатын орындардағы бейнекамераларға қойылатын техникалық талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-ке бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21693 болып тіркелген) Ұлттық бейнебақылау жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына 2-қосымшада көзделген бейнебақылау жүйелерінің ең төменгі техникалық шарттарына сәйкес келуге тиіс.

      5. Террористік тұрғыдан осал адамдар көп жиналатын объектілерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттарының 5-тармағына сәйкес келетін объектілер жатады.

      6. Осы Қағидалар Алматы қаласында азаматтар көп жиналатын орындарда жаңадан орнатылған бейнебақылау жүйелеріне қолданылады. Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін жеке меншік ұйымдардың бұрын орнатылған бейнекамераларын бейнебақылау жүйесінің меншік иелерінің келісімі болған жағдайда 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін жаңғыртылады.

      7. Шұғыл сипаттағы жағдайларды анықтау және растау үшін бейнемониторинг жүйесі операторлары бейнекамераларға қол жеткізеді. Операторлардың бейнебақылау камераларына қолжетімділігін пайдалану бойынша жауапкершілігі бейне мониторинг орталығының қызметінің ішкі регламенті бойынша белгіленеді. Құқық қорғау және арнайы органдардың қолжетімділігі қолданыстағы дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамаға қатаң сәйкестікте қамтамасыз етіледі.

2-тарау. Бейнекамераларды орнатудың жалпы ережелері

      8. Бейнекамераларды орнату кезінде келесі факторларды сақтау талап етіледі:

      1) бейнекамера бейнесінің желден және дірілден, көлік құралдарының өтуінен шайқалуын болдырмау үшін сенімді бекіту. Бейнекамераның дірілдеуі кадрдың сызықтық өлшемінен 1 пайыздан артық бейненің ығысуына әкелмеуі тиіс;

      2) бейнекамераларды кадр мен бақыланатын объектілердің жарықтандырудың біркелкілігін ескере отырып орналастыру;

      3) табиғи немесе жасанды жарық көздерін бейнекамера объективіне бағытталуына жол бермеу.

      9. Бейнекамера көрінісінде шолуды жабатын заттарды алып тастау қажет. Бейнеаналитика модульдерінің құралдарымен телевизиялық экрандар, интерактивті жарнама қалқандары, айналмалы есіктер, эскалаторлар, тербелмелі бұтақтар және егер бұл объектілер бақылау мақсаты болып табылмаса, тұрақты қозғалыс жасайтын басқа да объектілер аймақтарын шектеу қажет.

      10. Азаматтар көп жиналатын орындарда бейнебақылау мониторингін жүргізу адамдарды детекциялау үшін технологияларды қолдану, көлік құралдарына мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тану және ахуалдық талдауды тану есебінен жүзеге асырылады.

3-тарау. Бет-әлпетті детекциялау технологияларын қолдану үшін
бейнекамералар орнату

      11. Адамдарды детекциялау модулін пайдалану үшін бейнекамераларды орнату кезінде келесі шарттарды сақтау қажет:

      1) қондырғының оңтайлы биіктігі - 2.2 метр, ең төменгі биіктігі - 1.8 метр, ең жоғары биіктігі - 4 метр;

      2) тұлғаларды анықтау бөлігінде көлбеу бұрышы - 10 градус шегінде;

      3) қондырғы бұрышы - 5 градус;

      4) объект бейнекамера бағытында алға жылжитын орын таңдау;

      5) фронтальды ракурстың алдыңғы - кадрларының ең аз арақашықтық 80 пиксельден кем емес;

      6) бейнекамераларды бекіту кадрдың сызықтық өлшемдерінен кадрдағы бейненің ығысуының 0,5 пайызынан аспауын қамтамасыз етеді;

      7) тұлғаларды кадрларда фронталды түсіру;

      8) өткізу режиміндегі бақылау аймағының ені - қондырғы орнынан 4 метрге дейін, ағынды режимдегі бақылау аймағының ені - орнату орнынан 4 метрден;

      9) бақылау аймағының барлық кезеңінде бет жарықтылығының тұрақты деңгейі бар үй-жайды біркелкі жарықтандыру;

      10) электрондық бекітпенің жылдамдығының мәні - 1/100 секундтан;

      11) кадрдағы бет - әлпетті ұлғайту үшін бейнекамераның шолу аумағын азайту.

      12. Көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тану модулін пайдалану үшін бейнекамераларды орнату кезінде мынадай шарттарды сақтау қажет:

      1) автомобиль жолындағы қондырғының биіктігі - 6 метрден 15 метрге дейін;

      2) өткізу жүйесіндегі қондырғының биіктігі - 0,8 метрден 2 метрге дейін (жанында немесе шлагбаумның астында);

      3) жол төсеміне қатысты бейнекамера орнату бұрышы - нөмірдің тік ауытқу бұрышы - 20 градустан аспайды (оңтайлы - 15 градус);

      4) жол жиегіне қатысты бейнекамера орнату бұрышы - нөмірдің көлденең ауытқу бұрышы - 30 градустан аспайды (оңтайлы - 10 градус);

      5) жол төсемінің жазықтығына қатысты автомобильдің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің рұқсат етілген еңісі - 5 градустан аспайды (сағат бойынша, сағат тіліне қарсы);

      6) кадрдағы нысаналы объектілердің мөлшері - ені бойынша кемінде 150 пиксель, биіктігі бойынша кемінде 20 пиксель;

      7) бейнекамераны бекіту кадрдың сызықтық өлшемдерінен кадрдағы бейненің 0,5 пайыздан аспайтын ығысуын қамтамасыз етеді;

      8) бақылау аймағының ені (автотрасса) - кемінде 3 метр (оңтайлы 11 метр);

      9) кешкі және түнгі уақытта мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тану кезінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің қосымша аумағын инфрақызыл жарықтандыруды пайдалануға;

      10) бейнекамера объективіне тікелей күн сәулесінің түсуіне жол берілмейді:

      кемінде 100 люкс (сағатына 30 километрге дейінгі жылдамдық үшін);

      кемінде 200 люкс (сағатына 30 километрден бастап және одан жоғары жылдамдық үшін);

      11) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің шағылысуы - кемінде 15 процент;

      12) анықталатын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін бөгде объектілермен (жаяу жүргіншілер өтпесі аймағы, қоғамдық көлік аялдамалары және басқалар) жабылуын болдырмауға;

      13) бейнекамерадан анықталатын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріне дейінгі қашықтық қажетті фокустық қашықтыққа объективті іріктеу арқылы айқындалады;

      14) объектив бекітілетін бейнекамераны пайдалану кезінде нық бекітілген объектив қолданылады;

      15) жарық бергіштердің немесе фардың қарама-қарсы шағылысуын болдырмау үшін кең динамикалық диапазон функциясын пайдалану.

      13. Ахуалдық талдауды тану модулін пайдалану үшін бейнекамераларды орнату кезінде мынадай шарттарды сақтау қажет:

      1) талап етілетін биіктігі -

      - "Қозғалыс детекциясы, сызықтардың қиылысуы, аймақтағы қозғалыс" үшін: ең төменгі - 3 метр, оңтайлы - 5 метр;

      - "Адамның суға құлауын детекциялау" үшін ең төменгі - 2.5 метр, оңтайлы - 4 метр;

      - "Адамдардың жиналуын детекциялау" ең аз - 4 метр, оңтайлы - 6 метр;

      - "Қалдырылған заттарды детекциялау" үшін ең төменгі - 3 метр, оңтайлы - 4 метр;

      2) қондыру бұрышы - 15 градустан кем емес және көкжиекке 75 градустан артық емес, оңтайлы бұрыш - көкжиекке 35 градус (қапталдық шолу);

      3) кадрдағы нысаналы объектілердің мөлшері (қозғалыстағы объектілердің детекциясы) - қозғалыстағы объектілердің ең аз ауданы: 256 пиксель (шартты шаршы 16х16 пискель);

      4) кадрдағы нысаналы объектілердің мөлшері (қалдырылған заттардың детекциясы) - детекция үшін қалдырылған заттардың ең аз ауданы: 2025 пиксель (шартты шаршы 45х45 пиксель);

      5) бейненің желден және дірілден ығысуын барынша азайту үшін нық бекітілген бекітпені пайдалануға;

      6) жарық жеткіліксіз және қараңғыланған учаскелері бар жерлерде бейнекамералар орнатуды болдырмау немесе қосымша жарықтандыру орнатуға;

      7) тәулік бойы бақылау кезінде кадрларды түнгі уақытта жарықтандыруды ескеру қажет.

4-тарау. Меншік иелерінің келісімі болған кезде азаматтар көп жиналатын
орындарда мониторинг жүргізу

      14. Бейне ағындардың мониторингі Алматы қаласының Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі платформасында бейнеаналитиканың автоматтандырылған технологияларын қолдану есебінен жүзеге асырылады.

      15. Алматы қаласының бірыңғай бейнемониторинг жүйесі әртүрлі объектілерде орнатылған, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға меншік құқығында тиесілі қолданыстағы бейнебақылау жүйелерін біріктіруді көздейді.

      16. Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласының коммерциялық объектілерінің бейнекамераларынан азаматтар көп жиналатын орындарда, қоғамдық орындарда және кіру топтарында сауда-ойын-сауық сипатындағы бейнекамераларды жинауды, өңдеуді және сақтауды жүзеге асырады.

      17. Коммерциялық объектілердің бейнебақылау жүйелерін қосу деректерді беру желісі операторларының байланыс арналарын пайдалана отырып Алматы қаласының жергілікті бюджетінің қаражаты есебінен жүргізіледі.

      18. Бейнебақылаудың әртүрлі жүйелерінен бейнебақылау ағындарын жинау негізінен мемлекеттік органдардың Бірыңғай көлік ортасының қорғалған арналары бойынша жүзеге асырылады. Басқа байланыс арналарын пайдаланған жағдайда ақпараттық қауіпсіздік құралдары және контурды бейне ағындарға рұқсатсыз қосылудан қорғауды ұйымдастыру қолданылады.

      19. Серверлік және телекоммуникациялық жабдық істен шығуға төзімділігі жоғары серверлік үй-жайда орналастырылуы тиіс. Алматы қаласының бірыңғай бейнемониторинг жүйесінің істен шығуға төзімділік деңгейін арттыру үшін бірнеше серверлік үй-жайларда серверлік жабдықты орналастырудың бөлінген моделін қолдануға жол беріледі.

      20. Бейнеаналитика түтінді, отты, қалдырылған заттарды, желілерді қиып өтуді, табиғи және техногендік сипаттағы шұғыл оқиғаларды тану, киімді, жынысты, адамдарды тану технологиялары негізінде қалыптасады. Тұлғаны тану технологиясын қолдана отырып талдау ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы органмен келісім бойынша қолданылады.

      21. Бейнеаналитика нәтижелері оқиға түрінде қалыптастырылады және оқиғаның шұғыл мәртебесін растау үшін бейнемониторинг орталығының диспетчерлеріне өңдеуге жіберіледі.

      22. Бейнемониторинг орталығының диспетчері алынған деректерге шұғыл оқиғаның туындау фактісіне талдау жүргізеді.

      23. Оқиғаның шұғыл мәртебесі расталған жағдайда, диспетчер жедел түрде тиісті шұғыл қызметтерді (өртке қарсы қызмет, полиция, жедел медициналық көмек, төтенше жағдайлар бөлімшесі) хабардар етеді. Оқиғаны өңдеу уақыты және шұғыл қызметтерге хабарлау, сондай-ақ бейнемониторинг орталығы диспетчерінің шұғыл сигнал беру жөніндегі жауапкершілігі бейнемониторинг орталығының жұмыс істеуінің ішкі регламентімен айқындалады.

      24. Оқиғаның шұғыл мәртебесі расталмаған жағдайда, диспетчер алынған ақпаратты электрондық мұрағатқа жібереді.

Об утверждении правил установки видеокамер и проведения мониторинга видеонаблюдения в местах массового скопления граждан при наличии согласия собственников в городе Алматы

Решение XXXII сессии маслихата города Алматы VII созыва от 17 января 2023 года № 213. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 19 января 2023 года № 1709

      В соответствии с подпунктом 18) статьи 3 Закона Республики Казахстан "Об особом статусе города Алматы", маслихат города Алматы РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые правила установки видеокамер и проведения мониторинга видеонаблюдения в местах массового скопления граждан при наличии согласия собственников в городе Алматы.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата города Алматы С. Канкуров

  Приложение
к решению маслихата
города Алматы
от 17 января 2023 года № 213

Правила установки видеокамер и проведения мониторинга видеонаблюдения в местах
массового скопления граждан при наличии согласия собственников в городе Алматы

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила установки видеокамер и проведения мониторинга видеонаблюдения в местах массового скопления граждан при наличии согласия собственников в городе Алматы (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 18) статьи 3 Закона Республики Казахстан "Об особом статусе города Алматы", Законом Республики Казахстан "Об информатизации" и определяют порядок установки видеокамер и проведения мониторинга видеонаблюдения в местах массового скопления граждан при наличии согласия собственников систем видеонаблюдения на территории города Алматы.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) Единая система видеомониторинга города Алматы – информационная система, представляющая собой совокупность программных и технических средств, осуществляющих сбор, обработку и хранение видеоизображений по городу Алматы и реализующая функции формирования видеоаналитики для решения городских задач;

      2) Центр видеомониторинга – структурное подразделение государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения "Служба спасения города Алматы" аппарата акима города Алматы, осуществляющее прием, обработку видеопотоков для определения событий экстренного характера с помощью инструментов видеоаналитики и передачи сигнала соответствующим экстренным службам.

      3. Установка видеокамер и вывод видеопотоков в "Единую систему видеомониторинга города Алматы" осуществляется под целевые задачи работы видеоаналитики - детекции лиц, распознавания государственных регистрационных номерных знаков транспортных средств и ситуационной аналитики.

      4. Технические требования к видеокамерам в местах массового скопления граждан должны соответствовать минимальным техническим условиям систем видеонаблюдения, предусмотренных Приложением 2 к Правилам функционирования Национальной системы видеомониторинга, утвержденным приказом Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 27 октября 2020 года № 69-қе (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21693).

      5. К объектам массового скопления людей, уязвимым в террористическом отношении, относятся объекты, соответствующие пункту 5 Критериев отнесения объектов к уязвимым в террористическом отношении, утвержденных Постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 2021 года № 234.

      6. Настоящие Правила распространяются на вновь установленные системы видеонаблюдения в городе Алматы в местах массового скопления граждан. Ранее установленные видеокамеры частных организаций, не соответствующие требованиям Правил, модернизируются до 1 января 2026 года при наличии согласия собственников систем видеонаблюдения.

      7. Доступ к видеокамерам имеют операторы центра видеомониторинга для определения и подтверждения ситуаций экстренного характера. Ответственность операторов по использованию доступа к видеокамерам определяется внутренним регламентом функционирования центра видеомониторинга. Доступ правоохранительных и специальных органов обеспечивается в соответствии с действующим законодательством о персональных данных и их защите.

Глава 2. Общие правила к установке видеокамер

      8. При установке видеокамер требуется соблюдение следующих факторов:

      1) фиксированное крепление для устранения смещения изображения видеокамеры от ветра и вибрации, проезда транспортных средств. Смещение изображения не должно превышать 1 процент от линейных размеров кадра;

      2) размещать видеокамеры с учетом равномерности освещения кадра и наблюдаемых объектов;

      3) не допускать направление естественных или искусственных источников света в объектив видеокамеры.

      9. В поле зрения видеокамеры необходимо исключить предметы, перекрывающие обзор. Средствами модулей видеоаналитики необходимо ограничивать зоны телевизионных экранов, интерактивных рекламных щитов, вращающихся дверей, эскалаторов, качающихся веток и других объектов, создающих постоянное движение, если эти объекты не являются целью наблюдения.

      10. Проведение мониторинга видеонаблюдения в местах массового скопления граждан осуществляется за счет применения технологий для детекции лиц, распознавания государственных регистрационных номерных знаков на транспортные средства и распознавания ситуационной аналитики.

Глава 3. Установка видеокамер для применения технологий детекции лиц

      11. При установке видеокамер для использования модуля детекции лиц необходимо соблюдение следующих условий:

      1) оптимальная высота установки - 2.2 метра, минимальная – 1.8 метра, максимальная – 4 метра;

      2) угол наклона в области определения лиц - в пределах 10 градусов;

      3) угол установки – 5 градусов;

      4) выбор расположения, при котором объект движется вперед в направлении видеокамеры;

      5) минимальное межзрачковое расстояние на стоп-кадрах лица фронтального ракурса: не менее 80 пикселей;

      6) фиксация видеокамер обеспечивает не более 0,5 процентов смещения изображения в кадре от линейных размеров кадра;

      7) фронтальная фиксация лиц в кадре;

      8) ширина зоны контроля в пропускном режиме – до 4 метров от места установки, ширина зоны контроля в потоковом режиме – от 4 метров от места установки;

      9) равномерное освещение помещения с постоянным уровнем яркости лица на всем протяжении зоны контроля;

      10) значение скорости электронного затвора – от 1/100 секунд;

      11) уменьшение области обзора видеокамеры для увеличения размера лиц в кадре.

      12. При установке видеокамер для использования модуля распознавания государственных регистрационных номерных знаков транспортных средств необходимо соблюдение следующих условий:

      1) высота установки на автомобильной дороге – от 6 метров до 15 метров;

      2) высота установки на пропускной системе – от 0,8 метров до 2 метров (рядом или под шлагбаумом);

      3) угол установки видеокамеры относительно дорожного полотна – вертикальный угол отклонения номера – не более 20 градусов (оптимально – 15 градусов);

      4) угол установки видеокамеры относительно обочины дороги - горизонтальный угол отклонения номера – не более 30 градусов (оптимально – 10 градусов);

      5) допустимый наклон государственных регистрационных номерных знаков автомобиля по отношению к плоскости дорожного полотна - не более 5 градусов (по часовой, против часовой стрелки);

      6) размер целевых объектов в кадре - не менее 150 пикселей по ширине, не менее 20 пикселей по высоте;

      7) фиксация видеокамеры обеспечивает не более 0,5 процентов смещения изображения в кадре от линейных размеров кадра;

      8) ширина зоны контроля (автотрасса) – не менее 3 метров (оптимально 11 метров);

      9) при распознавании государственных регистрационных номерных знаков в вечернее и ночное время использовать дополнительную инфракрасную подсветки области государственных регистрационных номерных знаков;

      10) не допускается попадание прямых солнечных лучей в объектив видеокамеры:

      не менее 100 люкс (для скорости до 30 километров в час);

      не менее 200 люкс (для скорости от 30 километров в час и выше);

      11) контрастность государственного регистрационного номерного знака – не менее 15 процентов;

      12) избегать перекрытие распознаваемых государственных регистрационных номерных знаков посторонними объектами (зона пешеходных переходов, остановок общественного транспорта и другое);

      13) расстояние от видеокамеры до распознаваемого государственных регистрационных номерных знаков определяется подбором объектива к необходимому фокусному расстоянию;

      14) при использовании видеокамеры с креплением объектива применяется фиксированный объектив;

      15) использовать функцию широкого динамического диапазона для удаления засветов или бликов от встречных огней фар.

      13. При установке видеокамер для использования модуля распознавания ситуационной аналитики необходимо соблюдение следующих условий:

      1) требуемая высота –

      – для "Детекции движения, пересечения линий, движения в зоне": минимальная – 3 метра, оптимальная – 5 метров;

      – для "Детекции падения человека в воду": минимальная – 2.5 метра, оптимальная – 4 метра;

      – для "Детекции скопления людей": минимальная – 4 метра, оптимальная – 6 метров;

      – для "Детекции оставленных предметов": минимальная – 3 метра, оптимальная – 4 метра;

      2) угол установки – не менее 15 градусов и не более 75 градусов к горизонту, оптимальный угол – 35 градусов к горизонту (боковой обзор);

      3) размер целевых объектов в кадре (детекция объектов в движении) - минимальная площадь движущихся объектов: 256 пикселей (условный квадрат 16х16 писклей);

      4) размер целевых объектов в кадре (детекция оставленных предметов) - минимальная площадь оставленных предметов для детекции: 2025 пикселей (условный квадрат 45х45 пикселей);

      5) использовать фиксированное крепление для минимизации смещения изображения от ветра и вибрации;

      6) исключить установку видеокамер в местах с недостаточной освещенностью и наличии затемненных участков, либо установить дополнительное освещение;

      7) при круглосуточном наблюдении необходимо учесть освещение кадра в ночное время.

Глава 4. Проведение мониторинга в местах массового скопления граждан
при наличии согласия собственников

      14. Мониторинг видеопотоков осуществляется на платформе Единой системы видеомониторинга города Алматы за счет применения автоматизированных технологий видеоаналитики.

      15. Единая система видеомониторинга города Алматы предусматривает объединение существующих систем видеонаблюдения, установленных на различных объектах, в том числе принадлежащих на праве собственности физическим и юридическим лицам.

      16. Акимат города Алматы осуществляет сбор, обработку и хранение видеопотоков с видеокамер коммерческих объектов города Алматы торгово-развлекательного характера в местах массового скопления граждан, общественных местах и входных группах.

      17. Подключение систем видеонаблюдения коммерческих объектов производится с использованием каналов связи операторов сети передачи данных за счет средств местного бюджета города Алматы.

      18. Сбор видеопотоков с различных систем видеонаблюдения осуществляется преимущественно по защищенным каналам Единой транспортной среды государственных органов. В случае использования других каналов связи, применяются инструменты информационной безопасности и организация защиты контура от несанкционированного подключения к видеопотокам.

      19. Серверное и телекоммуникационное оборудование должно быть размещено в серверном помещении с высоким показателем отказоустойчивости. Для повышения уровня отказоустойчивости единой системы видеомониторинга города Алматы допускается применение распределенной модели размещения серверного оборудования в нескольких серверных помещениях.

      20. Видеоаналитика формируется на основе технологий распознавания дыма, огня, оставленных предметов, пересечений линий, экстренных событий природного и техногенного характера, распознавания одежды, пола, лиц в полном соответствии с действующим законодательством. Аналитика с применением технологии распознавания лиц применяется по согласованию с органом в сфере обеспечения национальной безопасности.

      21. Результаты видеоаналитики формируются в виде событий и направляются на обработку диспетчерам центра видеомониторинга для подтверждения экстренного статуса события.

      22. Диспетчер центра видеомониторинга производит анализ полученных данных на факт возникновения экстренного события.

      23. В случае подтверждения экстренного статуса события, диспетчер оперативно уведомляет соответствующие экстренные службы (противопожарная служба, полиция, скорая медицинская помощь, подразделение по чрезвычайным ситуациям). Время обработки события и уведомление экстренных служб, а также ответственность диспетчера центра видеомониторинга по передаче экстренного сигнала определяется внутренним регламентом функционирования центра видеомониторинга.

      24. В случае отсутствия подтверждения экстренного статуса события, диспетчер направляет полученную информацию в электронный архив.