Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 1/124 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2023 жылғы 1 наурызда № 1719 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Заңының 4-бабы 9-13) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Е. Досаев

  Алматы қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 28 ақпандағы
№ 1/124 қаулысына
қосымша

Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру қағидалары

1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. Алматы қаласының көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" заңдарына сәйкес әзірленген және Алматы қаласының коммуналдық меншігіндегі көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) басқарушы компания – жергілікті атқарушы органның шешімімен айқындалған, көліктік инфрақұрылым объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын және құрылтайшымен шарт жасасқан заңды тұлға (бұдан әрі – басқарушы компания);

      2) басқарушы компанияның құрылтайшысы – Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – құрылтайшы);

      3) көліктік инфрақұрылым объектілері – Алматы қаласының коммуналдық меншігіндегі теміржол, трамвай, жеңіл рельс, монорельс және ішкі су жолдарын, автомобиль жолдарын, тоннельдерді, эстакадаларды, көпірлерді, вокзалдар мен станцияларды, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін, метрополитен желілерін, порттарды, порттағы құралдарды, кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарын, әуе айлақтарды, әуежайларды, көлік-логистика орталықтарын, байланыс, навигация және көлік құралдарының жүрісін басқару жүйелерінің объектілерін, магистральдық құбырларды, сондай-ақ көлік кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғылар мен жабдықтарды қамтитын технологиялық кешен (бұдан әрі – объект);

      4) Көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру жөніндегі комиссия – объектілерді басқаруға беру рәсімдерін жүргізу үшін құрылтайшы құрған комиссия (бұдан әрі – Комиссия);

      5) теңгерім ұстаушы – оралымды басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы объект бекітілген мемлекеттік заңды тұлға.

2 - тарау. Объектіні басқаруға беру тәртібі

      3. Объектіні басқаруға беру туралы шешімді әкімшілік-аумақтық бірліктің мүддесінде Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы қабылдайды.

      4. Объект басқарушы компанияның басқаруына 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

      5. Басқарушы компания жергілікті атқарушы органның шешімімен жарғылық капиталына жергілікті атқарушы органның 100 пайыз қатысу үлесі бар ведомстволық бағынысты ұйымдардың арасынан айқындалады.

      6. Объектіні басқару Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқару туралы шарт негізінде туындайды.

      7. Құрылтайшы объектіні басқаруды және оны беруге дайындауды жүзеге асырады, басқарушы компаниямен Алматы қаласының көлік инфрақұрылым объектілерін басқару туралы шартын жасасады және көрсетілген шарт талаптарының орындалуын бақылайды.

      8. Объектіні басқаруға беру туралы басқарушы компанияның ерікті түрде берілетін өтінішіне мына құжаттар қоса беріледі: мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, салыстыру үшін түпнұсқасын көрсете отырып, құрылтай құжаттардың көшірмелері немесе көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері.

      9. Объектіні басқаруға берген кезде Комиссия объектіні басқаруға беру туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей құрылтайшымен шарт жасалады.

      10. Объектіні басқармаға беруді ұйымдастыру үшін құрылтайшы Комиссия құрады.

      11. Комиссияның құрамы Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының шешімімен бекітіледі.

3 - тарау. Объектіні басқаруға беруге дайындау

      14. Объектіні басқаруға беру рәсімдерін бастағанға дейін объект туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар топтамасы жасалады.

      15. Объектіні басқаруға беруге дайындауды құрылтайшы жүзеге асырады.

      16. Теңгерім ұстаушы Комиссияға заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, акцияларды (үлестерді) немесе беру объектісі болып табылатын мүлік кешенін, соңғы 3 (үш) жылдағы қаржы-шаруашылық қызмет туралы толық ақпаратты және объектіні басқаруға беру талаптарын ұсынады.

      Басқа объектілер бойынша теңгерім ұстаушы Комиссияға объектінің сипаттамасын, оның теңгерімдік құны туралы мәліметтерді және объектіні басқаруға беру шарттарын ұсынады.

      17. Объектіні басқаруға беру объекті болып табылатын, теңгерім ұстаушының лауазымды тұлғалары құрылтайшының сұрауы бойынша, олар айқындаған мерзімдерде объектіні басқаруға беруге дайындау үшін қажетті мәліметтерді ұсынады.

4 - тарау. Шарт жасасу және оның орындалуы

      18. Басқарушы компания объектіні өтеусіз пайдалану шарты (бұдан әрі – Шарт) негізінде объектіні басқаруды жүзеге асырады.

      19. Комиссия объектіні басқаруға беру туралы шешім шығарғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей жергілікті бюджеттен қаржыланатын коммуналдық мүлікті иеленуге, пайдалануға және басқаруға уәкілетті атқарушы орган басқарушы компаниямен Шарт жасасады.

      20. Объектіні басқару талаптары Шартпен айқындалады.

      21. Шартта:

      1) Шартың мәні және әрекет ету мерзімі;

      2) басқаруға берілетін объектінің құрамы;

      3) басқарушы компанияның есептілігінің мерзімдері мен нысаны қарастырылады.

      22. Шарт жасасу және оны бұзу, сондай-ақ Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес жүргізіледі.

      23. Басқарушы компания Шартта көрсетілген мерзімде және нысанда өзінің қызметі туралы есепті Алматы қаласының жолаушылар көлігі саласында басшылық жасайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына ұсынады.

Об утверждении Правил передачи в управление объектов транспортной инфраструктуры города Алматы

Постановление акимата города Алматы от 28 февраля 2023 года № 1/124. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 1 марта 2023 года № 1719

      В соответствии с подпунктом 9-13) статьи 4 Закона Республики Казахстан "Об особом статусе города Алматы", акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила передачи в управление объектов транспортной инфраструктуры города Алматы.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Алматы.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Алматы Е. Досаев

  Приложение
к постановлению акимата
города Алматы
от 28 февраля 2023 года № 1/124

Правила передачи в управление объектов транспортной инфраструктуры
города Алматы

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила передачи в управление объектов транспортной инфраструктуры города Алматы (далее – Правила) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и "Об особом статусе города Алматы" и определяют порядок передачи в управление объектов транспортной инфраструктуры города Алматы, находящихся в коммунальной собственности города Алматы.

      2. В Правилах используются следующие основные понятия:

      1) управляющая компания – юридическое лицо, определенное решением местного исполнительного органа, осуществляющее функции управления объектами транспортной инфраструктуры и заключившее договор с учредителем (далее – управляющая компания);

      2) учредитель управляющей компании – местный исполнительный орган города Алматы (далее – учредитель);

      3) объекты транспортной инфраструктуры – технологический комплекс, включающий в себя железнодорожные, трамвайные, легкорельсовые, монорельсовые и внутренние водные пути, автомобильные дороги, тоннели, эстакады, мосты, вокзалы и станции, пункты обслуживания пассажиров, линии метрополитена, порты, портовые средства, судоходные гидротехнические сооружения, аэродромы, аэропорты, транспортно-логистические центры, объекты систем связи, навигации и управления движением транспортных средств, магистральный трубопровод, а также иные обеспечивающие функционирование транспортного комплекса, здания, сооружения, устройства и оборудования, находящиеся в коммунальной собственности города Алматы (далее – объект);

      4) Комиссия по передаче в управление объектов транспортной инфраструктуры – комиссия, созданная учредителем для проведения процедур по передаче объектов в управление (далее – Комиссия);

      5) балансодержатель – государственное юридическое лицо, за которым объект закреплен на праве оперативного управления или хозяйственного ведения.

Глава 2. Порядок передачи объекта в управление

      3. Решение о передаче объекта в управление принимается в интересах административно-территориальной единицы местным исполнительным органом города Алматы.

      4. Объект передается в управление управляющей компании на срок не более 5 (пяти) лет.

      5. Управляющая компания определяется решением местного исполнительного органа из числа подведомственных организаций, со 100 процентной долей участия местного исполнительного органа в уставном капитале.

      6. Управление объектом возникает на основании договора об управлении объектами транспортной инфраструктуры города Алматы.

      7. Учредитель осуществляет управление объектом и подготовку его к передаче, заключает договор об управлении объектами транспортной инфраструктуры города Алматы с управляющей компанией и контроль за исполнением условий указанного договора.

      8. К заявлению управляющей компании о предоставлении объекта в управление, подаваемому в произвольной форме, прилагаются следующие документы: копии свидетельства о государственной регистрации (перерегистрации), учредительных документов с предъявлением оригинала для сверки либо нотариально засвидетельствованные копии указанных документов.

      9. При предоставлении объекта в управление, договор заключается учредителем не позднее 10 (десяти) календарных дней со дня принятия решения Комиссией о предоставлении объекта в управление.

      10. Для организации передачи объекта в управление учредитель образует Комиссию.

      11. Состав Комиссии утверждается решением местного исполнительного органа города Алматы.

Глава 3. Подготовка объекта к передаче в управление

      14. До начала процедур передачи объекта в управление формируется пакет документов, включающий сведения об объекте.

      15. Подготовку объекта к передаче в управление осуществляет учредитель.

      16. Балансодержатель представляет Комиссии учредительные документы юридического лица, акции (доли) либо имущественный комплекс, которого является объектом передачи, полную информацию о финансово-хозяйственной деятельности за последние 3 (три) года и условия передачи объекта в управление.

      По другим объектам балансодержатель представляет Комиссии характеристику объекта, сведения о его балансовой стоимости и условия передачи объекта в управление.

      17. Должностные лица балансодержателей, объект которых выступает объектом передачи в управление, по запросу учредителя, в определяемые им сроки, представляют сведения, необходимые для подготовки объекта к передаче в управление.

Глава 4. Заключение договора и его исполнение

      18. Управляющая компания осуществляет управление объектом на основании договора безвозмездного пользования объектом (далее – Договор).

      19. Договор с управляющей компанией заключается исполнительным органом, финансируемым из местного бюджета, уполномоченным владеть, пользоваться и распоряжаться коммунальным имуществом не позднее 10 (десяти) календарных дней после вынесения Комиссией решения о передаче объекта в управление.

      20. Условия управления объектом определяются Договором.

      21. Договор предусматривает:

      1) предмет и срок действия Договора;

      2) состав объекта, передаваемого в управление;

      3) сроки и форму отчетности управляющей компании.

      22. Заключение и расторжение, а также внесение изменений и дополнений в Договор производятся в соответствии Гражданским кодексом Республики Казахстан.

      23. Управляющая компания представляет отчет о своей деятельности государственному органу Республики Казахстан, осуществляющему руководство в сфере пассажирского транспорта города Алматы в сроки и по форме, указанным в Договоре.