Қазақстан Республикасының "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Заңының 4-бабының 9-33) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, Алматы қаласындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орнату қағидалары бекітілсін;
2. "Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Алматы қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Алматы қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімнің сәулет, құрылыс және қала құрылысы мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Е. Досаев |
Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 13 маусымдағы № 2/341 Қаулыға қосымша |
Алматы қаласындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, ортақ
пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, Алматы қаласының
үй-жайларының шегінен тыс ашық кеңістікте және ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі)
жарнама объектілерін орнату қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Алматы қаласындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, Алматы қаласының үй-жайларының шегінен тыс ашық кеңістікте және ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орнату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Заңының 4-бабының 9-33) тармағына және Қазақстан Республикасының "Жарнама туралы" Заңының 17-2-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Алматы қаласындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, Алматы қаласының үй-жайларының шегінен тыс ашық кеңістікте және ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орнату тәртiбiн айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жарнама – кез келген құралдардың көмегiмен кез келген нысанда таратылатын және (немесе) орналастырылатын, белгілі бір адамдар тобына арналмаған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін ақпарат;
2) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
3) көше жиһазы (жабдығы) – елді мекендерде үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орнатылатын декоративтік сипаттағы және практикалық пайдаланылатын объектілер (гүл құмыралары, павильондар, отырғыштар, орындықтар, жәшіктер, қоғамдық көлік аялдамалары, ақпараттық панель, балалар ойындарына және ересек тұрғындардың демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);
4) сыртқы (көрнекі) жарнама – сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде орналастырылған және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде көзбен көруге қол жетімді жарнама;
5) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі – жарнаманы тарату және (немесе) орналастыру үшін пайдаланылатын құрылысжайлар, әртүрлі көлемдегі немесе жалпақ конструкциялар, оның ішінде экрандар мен электронды таблолар, жарықты конструкциялар және өзге де құралдар;
4. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру осы Қағидалардың талаптарын сақтай отырып, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде, оның ішінде ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жақтарына орналастырылатын жарнама бейнелерін және (немесе) ақпаратын бейнелеу және салу арқылы жүзеге асырылады.
5. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, автомобиль жолдары, жол жүрісі туралы заңнамасына, ұлттық стандартына және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
6. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарлама жібере отырып, өтініш беруші сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жоспарланып отырған сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес келетіндігін растайды.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде хабарламаны тіркегеннен кейін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшесі осы объектіде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарламаны тіркеуден бас тартуы қажет.
2-тарау. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орнату тәртібі
1-параграф. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орнатудың жалпы шарттары
7. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері:
1) жол белгісіне, оның тірегіне, сондай-ақ жол қозғалысын реттеуге арналған кез келген басқа да бұйымда;
2) жүріс бөлігінің үстінде;
3) жол қоршауларында және бағыттаушы құрылғыларында;
4) нұсқағыштарды қоспағанда, қалалық коммуналдық жарықтандыру желілерінің, троллейбус желілерінің және бейнебақылаудың тіректерінде;
5) автомобиль тіркемелерінде, ершікті тартқыштар тіркемелерінде;
6) қоғамдық көлік аялдамаларының төбелерінде;
7) егер мұндай орнату ғимараттар мен құрылыстардың пайдалану сипаттамаларының нашарлауына, олардың беріктігі мен тұрақтылығын төмендетуге әкеп соғуы мүмкін болса, ғимараттар мен құрылыст егер мұндай қондырғы ғимараттар мен құрылыстардың пайдалану сипаттамаларының нашарлауына, олардың беріктігі мен тұрақтылығының төмендеуіне, сондай-ақ сәулет стилінің бұзылуына әкеп соқтырса, ғимараттар мен құрылыстарға орнатылмайды.
8. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің құрамдас бөліктерінің қосылыстары безендірілуі (тікелей қол жетімділіктен жасырылуы) қажет. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі коррозияға қарсы жабынмен қорғалуы, тиісті эстетикалық, санитарлық және техникалық жағдайда ұсталуы тиіс.
9. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз болуы, таза ұсталуы, түнгі уақытта жарықтандырылуы тиіс.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі жарықтандыру кезінде барынша жарықтығы 500 кд/м2 (шаршы метрге кандел) аспауы тиіс.
10. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері, оның ішінде ғимараттарда және (немесе) құрылыстарда орналастырылған объектілер таңбалануы (жеке не бизнес сәйкестендіру нөмірі, меншік иесінің атауы және телефон нөмірі, жарнамалық орын нөмірі) болуы тиіс. Таңбалауды штрих код (QR коды) арқылы орналастыруға болады.
11. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орнатқан (монтаждаған) кезде құрылыс-монтаждау жұмыстарын, сондай-ақ ашық отты және тұтанатын көздерді қолдана отырып отпен жұмыстар жүргізуге байланысты өрт қауіпсіздігінің талаптары мен нормалары ескерілуге тиіс.
12. Аумағы осы Қағидалардың қосымшасында айқындалған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің тығыздығы жоғары аймақта сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орнату ауданы бес шаршы метрге дейінгі көше жиһазы және (немесе) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі түрінде жүзеге асырылады. Сыртқы (көрнекі) жарнаманың өзге де объектілерін орнату көзделмеген.
13. Автокөлік құралдарында, оның ішінде қоғамдық көліктерде жарнама орналастыруға жол беріледі.
14. Жол жүрісі қауіпсіздігі мәселелері бойынша сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін мемлекеттік бақылауды жол жүрісі, автомобиль жолдары қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасының "Автомобиль жолдары туралы", "Жол жүрісі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 757 бұйрығымен бекітілген Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 26 тамызда № 14161 болып тіркелген) тексеру жүргізу және нұсқама шығару арқылы жүзеге асырады.
15. Меншік иелері не сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріне өзге де заттық құқықтарға ие тұлғалары:
1) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға жол бермеу;
2) сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарлама уәкілетті органда тіркелмеген сыртқы (көрнекі) жарнаманы сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінде орналастыруға жол бермеу;
3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінде меншік иесінің не сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріне өзге де заттық құқықтарға ие тұлғаның атауын және жеке не бизнес сәйкестендіру нөмірін көрсету;
4) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінде хабарламасыз орналастырылған жағдайда, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы төлеу;
5) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін Қазақтан Республикасының заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету қажет.
2-параграф. Жеке тұрған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орнату тәртібі
16. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру жер учаскесіне тиісті құқық негізінде және мынадай кезеңдермен жүзеге асырылады:
1) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын (бұдан әрі – СЖТ) және техникалық шарттарды алу;
2) эскизді (эскиздік жобаны) жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен келісуден өткізу;
3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орнату.
17. СЖТ және техникалық шарттарды алу, эскизді (эскиздік жобаны) келісу (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына (Бұдан әрі – Құрылыс салуды ұйымдастыру Қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.
18. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері:
1) автомобиль жолдарының бөлу жолақтарында, сондай-ақ жолдың іргелес жүру бөліктерін бөлетін жер учаскелерінде;
2) көлік ағынының қозғалыс бағыты бойынша қоғамдық көлік аялдамаларынан 25 метр жақын қашықтықта;
3) көше жиһазын қоспағанда, көлік ағынының қозғалыс бағыты бойынша жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерінің белгіленуіне дейін 20 метрден жақын қашықтықта;
4) инженерлік коммуникациялардың күзет аймағында;
5) ағаштардан 3 метрден кем қашықтықта;
6) жарықтандыру желісінің электр беру желілерінен 1 метрден кем қашықтықта;
7) жақын сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінен 50 метрден кем қашықтықта;
8) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің сыртқы габариттерінен тыс шығатын элементтерді пайдалана отырып орнатылмайды.
19. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін ғимараттар мен құрылыстарға тікелей жақын орналастырған кезде құрылыс нормаларының және үйлер мен ғимараттарға өрт бөлімшелерінің кіруін қамтамасыз ету бөлігінде өрт қауіпсіздігі талаптары сақталуға, сондай-ақ өртке қарсы қорғаныс белдеуі және сары сызық сақталуға тиіс.
20. Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін ситиборд, сити-формат және медиаборд түрінде орнату жүзеге асырылады.
Ситибордтар, сити-формат және медиабордтар дегеніміз – сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға арналған, оның ішінде бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері. Ситибордтың ауданы 6-дан 8 шаршы метрге дейін, сити-форматың ауданы 2,2 шаршы метрден, медиабордтың ауданы 10-нан 12 шаршы метрден аспайды.
21. Сыртқы (көрнекі) жарнаманың жеке тұрған объектілері жердің деңгейінен жоғары емес тұстағы іргетасқа қойылады, оның бетіне дайындалған және МЕМСТ талаптарына сәйкес келетін мықты әйнек қойылып, ішкі жағынан жарықтандырылып, электр желісінен авариялық ажыратылу және электр желілеріне жер астынан қосылу жүйесімен жабдықталады. Әйнектеу талаптары экрандар және электрондық табло түріндегі сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріне қолданылмайды.
22. Қоғамдық көлік аялдамаларында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру арнайы бөлінген орындарда жүзеге асырылады.
23. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін монтаждағаннан (бөлшектегеннен) кейін объектінің меншік иесі жұмыстар жүргізілген аумақты абаттандыруды қалпына келтіреді.
3-параграф. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін ғимараттарда және (немесе) құрылыстарда орнату тәртібі
24. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы ғимаратта және (немесе) құрылыста орналастыру меншік иесімен не ғимаратқа және (немесе) құрылысқа өзге де заттық құқықтарға ие адаммен жасалған шарттың негізінде жүзеге асырылады.
25. Төбелік жарықты сыртқы (көрнекі) жарнаманы (жарықдиодты паннолар немесе көлемді неонды әріптер) орнату және ғимараттың қасбеттік бөлігінде ауданы 10 шаршы метрден асатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін ғимараттың төбесін және (немесе) қасбетін реконструкциялау арқылы жүзеге асырылады да, Құрылыс салуды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес рәсімдерден өтуді талап етеді.
26. Меншік иесімен не сыртқы (көрнекі) жарнама объектісіне өзге де заттық құқықтарға ие тұлғамен шарт жасалмаған жағдайда, және (немесе) тіркелген хабарлама уәкілетті органда болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган меншік иесін не ғимаратқа және (немесе) құрылысқа өзге заттық құқықтарға ие адамды сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы төлеуші деп тануы мүмкін.
Бұған келіспеген жағдайда, меншік иесі не ғимаратқа және (немесе) құрылысқа өзге заттық құқықтарға ие адам сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруды жүзеге асырған адамды сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы төлеуші деп тану туралы растайтын материалдарды қоса бере отырып, жергілікті атқарушы органға жүгінуге құқылы.