"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2018 жылғы 19 наурыздағы "Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1459 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алатау ауданының әкімі | А. Калдыбеков |