Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 13/21 "Солтүстік Қазақстан облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 4/7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 4 шілдеде № 7548-15 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 13/21 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4177 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы В. Бубенко

  Солтүстік Қазақстан
  облыстық мәслихатының
  2023 жылғы 30 маусымдағы
  № 4/7 шешіміне қосымша
  Солтүстік Қазақстан
  облыстық мәслихатының
  2017 жылғы 11 сәуір № 13/21
  шешімімен бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысындағы қалалардың және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлігі), Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) және өзге де нормативтік құқықтық актілермен әзірленді.

      2. Қағидалар Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын олардың құқықтық мәртебесі мен шаруашылық қызмет нысандарына қарамастан барлық заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, сондай-ақ аула және қоғамдық аумақтарды абаттандыруға жауапты лауазымды тұлғалар үшін абаттандыру тәртібін айқындайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) абаттандыру – сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;

      2) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар – халық үшін қолжетімді немесе ашық болатын аумақтар, объектілер;

      3) жалпы пайдаланымдағы жерлер – алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, кондоминиум құрамына кірмеген үй жанындағы жер учаскесі, жолдар, жағалаулар, парктер, скверлер, opмaн парктерi, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылысжайлары және ортақ пайдаланылатын басқа да инженерлiк жүйелер, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын жылу желілері мен инженерлік жүйелердің күзет аймақтары) алып жатқан және оларды орналастыруға арналған жерлер;

      4) қатты тұрмыстық қалдықтар – қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;

      5) мамандандырылған ұйымдар – коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар жатады;

      6) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;

      7) санитариялық тазарту – елді мекенде халықтың тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілетін қалдықтарды жинау, жою және залалсыздандыру мақсатындағы іс-шаралар жүйесі;

      8) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;

      9) уәкілетті орган – коммуналдық шаруашылықты реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      10) ұйым – абаттандыру саласында маманданып жүрген жеке немесе заңды тұлға;

      11) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – егде жастағы, мүгедектігі бар адамдар, өз бетінше жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды және (немесе) кресло-арбаларды пайдаланатын адамдар;

      12) шағын сәулеттік нысандар – декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);

      13) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және жеке немесе заңды тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ;

      14) ірі габаритті қалдықтар – мөлшері биіктігі, ені немесе ұзындығы 0,5 метрден асатын, өзінің тұтыну қасиетін жоғалтқан заттар (жиһаз, тұрмыстық техника, сантехника және басқа да ірі заттар) болып табылатын өндіріс және тұтыну қалдықтары.

2. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

      4. Жеке және заңды тұлғалар барлық аумақта, оның ішінде жеке үй иелері аумақтарында және іргелес аумақтарда тазалықты сақтайды және тәртіпті қолдайды, қалалар мен елді мекендерді абаттандыру элементтерінің (жолдар, тротуарлар, көгалдар, шағын сәулет нысандары, жарықтандыру, су бұру) зақымдануына және бұзылуына жол бермейді.

      5. Жергілікті жерлерді ағымдағы санитариялық күтіп-ұстауды аумақты абаттандыру саласындағы маманданған ұйымдар жүзеге асырады.

      6. Барлық ұйымдық-құқықтық нысандардың жеке және заңды тұлғалары, оның iшiнде жер учаскелерінің, күрделі және уақытша объектілердің иелерi:

      1) дербес өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етеді;

      2) кез келген меншік объектілеріне ұқыпты қарайды, мемлекеттік меншік объектілеріне залал келтірген жағдайлар туралы тиісті органдарды хабардар етеді;

      3) көшелер және үй нөмірлері көрсетілген тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта ұстайды;

      4) қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулет нысандарын тиісті жағдайда (қоршаудың (шарбақтың) сыртқы жағын бояу, әктеу) күтіп-ұстайды.

      7. Облыстың қалалық және елді мекен аумақтарында:

      1) жалпыға ортақ пайдаланылатын алаңдар мен демалыс аймақтарын, көшелерін ластауға;

      2) субұрқақтарда шомылуға;

      3) адамдарға шомылуға арналған жерлерде жануарларды жууға және кір жууға;

      4) тұрғын орамдарда, ортақ пайдалану орындарында, су бөлетін мұнаралардың, су айдынында, көпшілік демалу орындарында, тұрғын үйлердің подъездері жанында көлік құралдарын жөндеуге және жууға;

      5) топырақты, қоқысты, себінді құрылыс материалдарын, жеңіл ыдыстарды, жапырақтарды брезент немесе басқа материалмен жабусыз көшіруге жол берілмейді.

      8. Жалпыға ортақ пайдаланылатын демалыс аймақтары қоғамдық дәретханалармен жабдықталады.

      9. Инженерлік коммуникациялардың иелері:

      1) коммуникацияларды күтіп-ұстауды, жөндеуді және құдықтар мен коллекторларды тазалауды жүзеге асырады;

      2) коммуникациялардың жұмыс атқаруына байланысты апаттардың салдарын жоюды қамтамасыз етеді, бұзылған жол жабындысын, жаяужолды, гүлзарды және абаттандырудың басқа элементтерін нысаналы мақсатқа сәйкес оларды әрі қарай пайдалану үшін жарамды қалыпқа келтіреді.

3. Аумақтарды жинауды ұйымдастыру

      10. Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды жинау және күтіп-ұстау қызмет көрсетудің мынадай түрлерін қамтиды:

      1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;

      2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;

      3) сыпыру;

      4) қамысты, қурайды, шөптерді және басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару;

      5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын ағымдағы жөндеу және сырлау.

      11. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарда орналасқан парктерді, скверлерді, бульварларды, су айдындарын, жағажайларды, зираттарды, оның ішінде оларда орналасқан тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, саты баспалдақтарын жинауды заңды және жеке тұлғалар мен осы объектілерге қызмет көрсететін және пайдаланатын аумақтарды бекіту субъектілері жүргізеді.

      12. Объектілердің меншік иелері жапсарлас аумақтарда (автотұрақтар, боксты гараждар, ангарлар, қосалқы қойма құрылыстары, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету объектілері) санитариялық тазалауды және жинауды коммуналдық шаруашылық ұйымдарымен қамтамасыз етеді немесе оны өз бетінше жүргізеді.

      13. Көшелер мен өтпе жолдардың бойында орналасқан тротуарларды, жолаушылар көлігінің аялдама алаңын жинауды жүру бөліктерін жинауға және күтіп-ұстауға жауапты ұйымдар жүргізеді.

      14. Уақытша көше сауда орындарын, сауда объектілеріне тиесілі аумақтарды (базарлар, сауда павильондары, тез тұрғызылатын сауда кешендері, палаткалар, киосктер және т.б.) периметрі бойынша 5 метр шекара ішінде жинау. Ыдыстарды гүлзарда, сауда палаткаларының, киосктердің және басқа сауда объектілердің шатырында қаттауға рұқсат етілмейді.

      15. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекітілген Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру Қағидаларына сәйкес орналастырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18562 болып тіркелді).

      16. Аялдама кешендерін және қоғамдық жолаушылар көлігінің аялдама алаңында оларға іргелес аумақтарды, ақылы автотұрақтар, гараждардың аумақтарын, сондай-ақ кіреберіс жолдарды, іргелес аумақтарды жинауды және жууды олардың иелері жүзеге асырады.

      17. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде құрылыс қоқыстарын осы жұмыстарды жүргізген ұйымдар шығарады.

      18. Су ағатын желілерде ластануды болдырмау үшін су ағатын коллекторларда, жауын суын қабылдайтын құдықтарда және арық жүйесінде қоқыстардың тасталуына жол берілмейді.

      19. Жерүстi инженерлік құрылыстарын пайдаланушы ұйымдар мен иелері инженерлiк желілердің қорғалатын аймақтарының шекарасында іргелес аумақтардың санитариялық күтіп-ұсталуын қамтамасыз етеді.

      20. Қысқы мезгілде жабындарды қардан, қызылсу мұзынан, сүңгілерден уақтылы тазарту ғимараттар, құрылым мен құрылыс иелерімен орындалады.

      21. Ғимарат жабындарын тазалау қатерлі үлескілерде алдын ала қоршау орнатқан кезде, тек тәуліктің жарық мезгілінде орындалады. Жабынның көшеге қарап тұрған жағындағы ылдиы бетіндегі қар, қызылсу мұзы аяқжолдарға, жабынның басқа ылдиларынан, сонымен қатар жайпақ жабындардан аула ішіндегі жерлерге түсіру орындалады. Ғимараттардан түсірілген қар мен қызылсу мұзы уақтылы шығарылуы тиіс.

      22. Қарды, мұзды, қоқысты су ағызатын құбыр шұңқырларына тастауға жол берілмейді.

      23. Жеке және заңды тұлғаларға, жеке тұрғын үйлер жеке меншіктерін қоса алғанда жеке меншігіне жерлерді тазалауды өздеріне өткізу ұсынылады.

      24. Жеке және заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі жер учаскелерін қоспағанда, көппәтерлі тұрғын үйлерге іргелес аумақтарды, көппәтерлі тұрғын үйдің іргелес жер учаскесін тазалауды және күтіп ұстауды абаттандыру үшін іргелес жер учаскесі пайдаланылатын көппәтерлі тұрғын үй иелерінің бірлестіктері қамтамасыз етеді.

      25. Көшелер мен өтпе жолдардан қарды шығару жергілікті атқарушы органдар айқындаған жерлерге жүзеге асырылады.

      26. Қарды уақытша жинау орындары қар ерігеннен кейін қоқыстардан тазартылып және абаттандырылады.

4. Қалдықтарды жинау және шығару

      27. Жеке және заңды тұлғалар, олардың қызметі нәтижесінде пайда болған коммуналдық қалдықтары пайда болған кезінен бастап қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді және қалдықтарға арналған контейнерлерде (бұдан әрі –контейнер) жинақтауды қамтамасыз етеді.

      28. Коммуналдық қалдықтарды басқару Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 508 бұйрығымен бекітілген Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26341 болып тіркелген) нормаларымен реттеледі.

      29. Құрылыстарды және (немесе) жылжымайтын объектілерді жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс қоқысын өз бетінше арнайы орындарға немесе Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне сәйкес қоқыс шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен шарт бойынша шығаруы тиіс.

      30. Үй иелерінің аумағында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен бекітілген "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21934 болып тіркелген) талаптарына сәйкес мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар болады.

      31. Контейнерлерге және контейнерлік алаңдарға тек коммуналдық қалдықтарды тастауға және жинауға жол беріледі.

      32. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығаратын көліктермен, кәріз тартылмаған үй иелерінен сұйық қалдықтар ассенизациялы вакуумдық көліктермен шығарылады.

      33. Контейнерлер босатылғаннан кейін сол жерде дезинфекциялық ерітіндімен өңделеді немесе босатылған орындарда өңдеуден өткен тазаларына ауыстырылады. Контейнерлерді өңдеу орындарын тазалауға, жууға және дезинфекциялауға арналған, ыстық және суық су өткізілген, судың ағып кетуі ұйымдастырылған құрылғылармен жабдықтау қажет.

      34. Сұйық тұрмыстық қалдықтар мен ірі көлемді қоқыстарды қоқыс шығару құбырына тастауға болмайды.

      35. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелігінде тұрғын үй бар пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.

      36. Жеке тұлғалар контейнер алаңдары аумағында орналасқан, құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды жинау үшін арнайы контейнерлерде құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды қауіпсіз жинауды қамтамасыз етеді.

      37. Контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді пайдаланатын және оларға қызмет көрсететін мамандандырылған ұйымдар:

      1) контейнерлік алаңдарды, контейнерлерді және оған іргелес аумақтарды санитариялық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;

      2) оларға уақтылы жөндеу жүргізеді және одан әрі пайдалануға жарамсыз контейнерлерді ауыстырады;

      3) қоқыс қабылдайтын камералардың, алаңдардың, сондай-ақ қалдық жинағыштардың тұрақты жуылуын, дезинфекциялануын, шыбындарға, кеміргіштерге қарсы дезинсекциялануын, дератизациялануын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.

       38. Іргелес аумақта құрылыс қалдықтарын және ірі габаритті қалдықтарды контейнерлік алаңдарға жинауға жол берілмейді.

      Жеке және заңды тұлғалар құрылыс қалдықтарын және ірі габаритті қалдықтарды арнайы бөлінген орындарға дербес әкетуді жүргізеді.

      39. Коммуналдық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын жұмыскерлер контейнерлерден мамандандырылған көлікке түсіру кезінде төгілген қоқыстарды дереу жинайды.

      40. Вокзалдарда, базарларда, әуежайларда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлiгі аялдамаларында, сауда объектілерінің кіреберістерінде қоқысқа арналған құтылар орнатылады. Халықтық жаппай баратын орындарында құтылар бір-бірінен кемінде 50 метр арақашықтықта, аулаларда, саябақтарда, алаңдарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта құтылар орнатылады. Жолаушылар көлiгі аялдамаларында және сауда объектілерінің кіреберістерінде екi құтыдан орнатылады.

      41. Құтыларды орнатуды, тазартуды және жууды аумақты пайдаланатын ұйымдар немесе аумаққа иелік ететін немесе пайдаланатын ұйымдар жүргізеді.

      Құтылар толуына қарай, бiрақ кемінде күніне бір рет тазартылады. Құтылар ластануына қарай, бірақ кемінде аптасына бір рет жуылады.

5. Көшелерді, тұрғын үй орамдарын және шағын аудандарды абаттандыру

      42. Қалалар мен елді мекендердің аумағын абаттандыру кезінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын қоса алғанда, халықтың барлық санаттары үшін жалпыға ортақ пайдаланылатын, тұрғын және рекреациялық мақсаттағы орындарға, сондай-ақ Заңның 20-бабының 23-16) тармақшасына сай бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін оңтайлы жағдайлармен және құралдармен қамтамасыз етіледі.

      43. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген қалалар мен елді мекендердің аумақтарындағы абаттандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлері бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      44. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы жұмыстарды өз қаражаты есебінен жүргізген адамдар күнтізбелік отыз күн ішінде бүлінген және (немесе) бұзылған абаттандырудың бастапқы пайдалану қасиеттерін қалпына келтіреді. Жолдар мен жаяу жүргіншілер тротуарларының жабындарын қозғайтын құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы жұмыстарды жүргізген адамдар бастапқы жабын материалынан бүлінген және (немесе) бұзылған жабынның бастапқы пайдалану сапасын қалпына келтіреді.

6. Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау

      45. Қарамағында ғимараттар мен құрылыстар бар жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері көрсетілген объектілердің қасбеттерін және олардың жекелеген элементтерін (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтіру, жөндеу және бояу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қасбеттерде орналастырылған ақпараттық тақтайшаларды, ескерткіш тақтайларды таза және дұрыс жағдайда ұстайды. Дүкендер мен кеңселердің көшелерге қасбеттермен шығатын витриналары жарықпен безендіріледі.

      46. Әртүрлі жарнамаларды және басқа да ақпараттарды ғимараттарға, дуалдарға, қалалық жолаушылар көліктері аялдамаларында, жарықтандыру бағаналарына, ағаштарға жапсыруға және ілуге жол берілмейді.

      47. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың конструктивтік элементтерін қайта жабдықтауға жол берілмейді.

7. Сыртқы жарықтандыруды және субұрқақтарды күтіп-ұстау

      48. Көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын объектілердің сыртқы жарығын қосу жергілікті атқарушы орган бекіткен кесте бойынша табиғи жарық деңгейінің азаюы кезінде кешкі ымырт кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі - таңғы күңгіртте 10 люкске дейін артуы кезінде жүргізіледі.

      49. Сыртқы жарық құрылғылары мен байланыс желілерінің элементтері, металл бағаналары, кронштейндер тазалықта ұсталып, тот басу ошағы болмай, сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды тиісті ұйымдар жүзеге асырады.

      50. Істен шыққан құрамында сынап бар газ разрядты шамдар осы мақсаттарға арналған арнайы бөлінген үй-жайларда сақталады және олар кәдеге жарату үшін арнайы кәсіпорындарға шығарылады. Көрсетілген шамдардың түрлері полигонға шығарылмайды.

      51. Электрлендірілген көліктің жарық және байланыс желілерінің құлап қалған бағаналарын шығаруды негізгі магистральдарда бағана иелері дереу жүзеге асырады; басқа аумақтарда, сондай-ақ бөлшектелген бағаналар - тәулік ішінде шығарылады.

      52. Уәкілетті орган коммуналдық меншіктегі субұрқақтардың тиісті жағдайын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

      53. Субұрқақтарды қосу мерзіміндерін, олардың жұмыс істеу режимдерін, тостағандарын жуу және тазарту кестесін, технологиялық үзілістерін және жұмыс істеуінің аяқталуын уәкілетті орган айқындайды.

      54. Субұрқақтар жұмыс істеп тұрған кезеңде судың беті күн сайын қоқыстан тазартылады. Пайдаланушы ұйымдар субұрқақтардың тазалығын жұмысы тоқтаған кезеңде де оларды тазалықта ұстайды.

8. Қағида бұзылғандығы үшін жауапкершілік

      55. Осы Қағидаларды бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексіне сәйкес жауапқа тартылады.

      56. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қағидалармен қарастырылған әкімшілік жауапкершілікке тарту шараларын қолдану бұзушыларды келтірілген материалдық шығынның орнын толтырудан, жіберілген бұзушылықтарды жоюдан және осы қағидаларла көзделген талаптарды орындаудан босатпайды.

О внесении изменения в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 11 апреля 2017 года № 13/21 "Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населҰнных пунктов Северо-Казахстанской области"

Решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 30 июня 2023 года № 4/7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 4 июля 2023 года № 7548-15

      Северо-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Северо-Казахстанского областного маслихата "Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населҰнных пунктов Северо-Казахстанской области" от 11 апреля 2017 года № 13/21 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4177) следующее изменение:

      Правила благоустройства территорий городов и населҰнных пунктов Северо-Казахстанской области, утвержденные указанным решением изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Северо-Казахстанского
областного маслихата
В. Бубенко

  Приложение к решению
  Северо-Казахстанского
  областного маслихата
  от 30 июня 2023 года № 4/7
  Утверждены решением
  Северо-Казахстанского
  областного маслихата
  от 11 апреля 2017 года № 13/21

Правила благоустройства территорий городов и населенных пунктов Северо-Казахстанской области

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила благоустройства территорий городов и населенных пунктов Северо-Казахстанской области (далее – Правила) разработаны в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан (Особенная часть), Земельным кодексом Республики Казахстан, Экологическим Кодексом Республики Казахстан, Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях", законами Республики Казахстан "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан", "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 235 "Об утверждении Типовых правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов и Правил оказания государственной услуги "Выдача разрешения на вырубку деревьев" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10886) и иными нормативными правовыми актами.

      2. Правила определяют порядок благоустройства территории городов и населенных пунктов Северо-Казахстанской области для всех юридических лиц независимо от их правового статуса и форм хозяйственной деятельности, физических лиц, а также должностных лиц, ответственных за благоустройство дворовых и общественных территорий.

      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) благоустройство – совокупность работ (по инженерной подготовке и обеспечению безопасности территории, устройству дорог, развитию коммуникационных сетей и сооружений водоснабжения, канализаций, энергоснабжения, устройству покрытий, освещению, размещению малых архитектурных форм и объектов монументального искусства, проектированию озеленения, снижению уровня шума, улучшению микроклимата, охране от загрязнения воздушного бассейна, открытых водоемов и почвы) и услуг (по расчистке, уборке, санитарной очистке осушению и озеленению территории), осуществляемые в целях приведения той или иной территории в состояние, пригодное для строительства и нормального пользования по назначению, создания здоровых, удобных и культурных условий жизни населения;

      2) места общего пользования – это территории, объекты, которые доступны или открыты для населения;

      3) земли общего пользования – земли занятые и предназначенные для занятия площадями, улицами, тротуарами, проездами, придомовым земельным участком, не вошедшим в состав кондоминиума, дорогами, набережными, парками, скверами, лесопарками, бульварами, водоемами, пляжами, кладбищами и иными объектами, предназначенными для удовлетворения нужд населения (водопроводы, отопительные трубы, очистные сооружения и другие инженерные системы общего пользования, а также охранные зоны тепловых сетей и инженерных систем общего пользования);

      4) твердые бытовые отходы – коммунальные отходы в твердой форме;

      5) специализированные организации – индивидуальные предприниматели или юридические лица, осуществляющие деятельность по сбору, сортировке, транспортировке, восстановлению и (или) удалению коммунальных отходов;

      6) проезд – элемент дороги, обеспечивающий подъезд транспортных средств к жилым и общественным зданиям, учреждениям, предприятиям, объектам застройки внутри микрорайонов, кварталов, населенных пунктов;

      7) санитарная очистка – система мероприятий, имеющих целью сбор, удаление и обезвреживание отходов, образующихся в населенном месте в результате жизнедеятельности населения;

      8) тротуар – элемент дороги, предназначенный для движения пешеходов, примыкающий к проезжей части или отделенный от нее газоном или арычной системой;

      9) уполномоченный орган – структурное подразделение местного исполнительного органа, осуществляющий функции в сфере регулирования коммунального хозяйства;

      10) организация – физическое или юридическое лицо, специализирующиеся в области благоустройства;

      11) маломобильные группы населения – лица пожилого возраста, с инвалидностью, испытывающие затруднения при самостоятельном передвижении, получении услуг, информации или ориентировании в пространстве, в том числе использующие детские коляски и (или) кресла-коляски;

      12) малые архитектурные формы – объекты декоративного характера и практического использования (скульптуры, фонтаны, барельефы, вазы для цветов, павильоны, беседки, скамьи, урны, оборудование и конструкции для игр детей и отдыха взрослого населения);

      13) прилегающая территория – территория (в границах 5 метров по периметру), непосредственно примыкающая к границам здания, сооружения, ограждения, строительной площадки, к объектам торговли, рекламы и другим объектам, находящимся в собственности, владении, аренде, на балансе у физических или юридических лиц;

      14) крупногабаритные отходы - отходы производства и потребления, являющиеся предметами, утратившими свои потребительские свойства (мебель, бытовая техника, сантехника и другие крупные предметы), размеры которых превышают 0,5 метра в высоту, ширину или длину.

2. Обеспечение чистоты и порядка

      4. Юридические и физические лица соблюдают чистоту и поддерживают порядок на всей территории, в том числе на территориях частных домовладений и прилегающих территориях, не допускают повреждения и разрушения элементов благоустройства (дорог, тротуаров, газонов, малых архитектурных форм, освещения, водоотвода) городов и населенных пунктов.

      5. Текущее санитарное содержание местности осуществляется организациями, специализирующихся в области благоустройства территории.

      6. Физические и юридические лица всех организационно-правовых форм, в том числе владельцы земельных участков, капитальных и временных объектов:

      1) обеспечивают санитарное содержание и благоустройство отведенной территории за счет своих средств самостоятельно либо путем заключения договоров с организациями;

      2) бережно относятся к объектам любой собственности, информируют соответствующие органы о случаях причинения ущерба объектам государственной собственности;

      3) содержат в технически исправном состоянии и чистоте таблички с указанием улиц и номеров домов;

      4) содержат ограждения (заборы) и малые архитектурные формы в надлежащем состоянии (покраска, побелка с внешней стороны ограждения (забора)).

      7. На территории городов и населенных пунктов области не допускаются:

      1) засорение улиц, площадей и территорий зон отдыха общего пользования;

      2) купание в фонтанах;

      3) стирать белье и купать животных в местах, предназначенных для купания людей;

      4) мойка, очистка и ремонт транспортных средств внутри жилых кварталов и на землях общего пользования, у водоразборных колонок, на водоемах, в местах массового отдыха людей, у подъездов жилых домов;

      5) перевозка грунта, мусора, сыпучих строительных материалов, легкой тары, листвы без покрытия их брезентом или другим материалом.

      8.Территории зон отдыха общего пользования оборудуются общественными туалетами.

      9. Владельцы инженерных коммуникаций:

      1) осуществляют содержание, ремонт коммуникаций и очистку колодцев и коллекторов;

      2) обеспечивают ликвидацию последствий аварий, связанных с функционированием коммуникаций, проводят восстановление нарушенного дорожного покрытия, тротуара, газона и других элементов благоустройства в состоянии, пригодное для дальнейшего их использования в соответствии с целевым назначением.

3. Организация уборки территорий

      10. Уборка и содержание мест общего пользования включают в себя следующие виды услуг:

      1) уборка и вывоз мелкого и бытового мусора и отходов;

      2) уборка и вывоз крупногабаритного мусора и отходов;

      3) подметание;

      4) покос и вывоз камыша, бурьяна, травы и иной дикорастущей растительности;

      5) текущий ремонт и окраска ограждений и малых архитектурных форм.

      11. Уборка территорий общего пользования, занятых парками, скверами, бульварами, водоемами, пляжами, кладбищами, в том числе расположенными на них тротуарами, пешеходными зонами, лестничными сходами производится физическими и юридическими лицами и субъектами закрепления территорий, у которых данные объекты находятся на обслуживании и эксплуатации.

      12. Собственники объектов обеспечивают санитарную очистку и уборку прилегающей территории (автостоянки, боксовые гаражи, ангары, складские подсобные строения, сооружения, объекты торговли и услуг) организациями коммунального хозяйства или же производят ее самостоятельно.

      13. Уборка тротуаров, расположенных вдоль улиц и проездов, остановочных площадок пассажирского транспорта производится организациями, ответственными за уборку и содержание проезжей части.

      14. Уборка мест временной уличной торговли, территорий, прилегающих к объектам торговли (рынки, торговые павильоны, быстровозводимые торговые комплексы, палатки, киоски и т.д.) в границах 5 метров по периметру. Не допускается складирование тары на прилегающих газонах, крышах торговых палаток, киосков и других объектов торговли.

      15. Объекты наружной (визуальной) рекламы размещаются в соответствии с Правилами размещения объектов наружной (визуальной) рекламы на открытом пространстве за пределами помещений в населенных пунктах, утвержденными приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 18 апреля 2019 года № 233 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18562).

      16. Уборка и мойка остановочных комплексов и прилегающих к ним территорий на остановочных площадках общественного пассажирского транспорта, территорий платных автостоянок, гаражей, а также подъездных путей, прилегающей территории осуществляются их владельцами.

      17. Вывоз строительного мусора при проведении дорожно-ремонтных работ производится организациями, производящими эти работы.

      18. Во избежание засорения водосточной сети не допускается сброс мусора в водосточные коллекторы, дождеприемные колодцы и арычную систему.

      19. Владельцы и эксплуатирующие организации надземных инженерных сооружений обеспечивают санитарное содержание прилегающей территории в границах охранных зон инженерных сетей.

      20. В зимнее время собственниками зданий, строений и сооружений обеспечивается своевременная очистка кровель от снега, наледи и сосулек.

      21. Очистка кровель зданий допускается только в светлое время суток с предварительной установкой ограждения опасных участков. Сброс снега и наледи с поверхности ската кровли, обращенной в сторону улицы, производится на тротуары, с остальных скатов кровли, а также плоских кровель - на территории внутри дворов. Сброшенный с кровель зданий снег и наледь подлежат своевременному вывозу.

      22. Не допускается сбрасывание снега, льда и мусора в воронки водосточных труб.

      23. Юридические и физические лица, включая собственников частных жилых домов, самостоятельно проводят очистку прилегающей территории.

      24. Уборку и содержание прилегающих территорий к многоквартирным жилым домам, за исключением земельных участков, находящихся в частной собственности физических и юридических лиц, придомового земельного участка многоквартирного жилого дома обеспечивают Объединения собственников имущества многоквартирных жилых домов, для благоустройства которых придомовой земельный участок используется.

      25. Вывоз снега с улиц и проездов осуществляется на установленные места, определенные местным исполнительным органом.

      26. Места временного складирования снега после снеготаяния очищаются от мусора и благоустраиваются.

4. Сбор и вывоз отходов

      27. Физические и юридические лица, в результате деятельности которых, образуются коммунальные отходы, обеспечивают их безопасное обращение с момента образования и складирование их в контейнеры для сбора коммунальных отходов (далее - контейнеры).

      28. Управление коммунальными отходами регулируется нормами Правил управления коммунальными отходами, утвержденными приказом исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 28 декабря 2021 года № 508 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 26341).

      29. Физическим и юридическим лицам, осуществляющим строительство и (или) ремонт недвижимых объектов, необходимо производить вывоз строительного мусора самостоятельно на специальные места или по договору с организацией, осуществляющей вывоз мусора согласно Экологическому Кодексу Республики Казахстан.

      30. На территории домовладений располагаются специальные площадки для размещения контейнеров с удобными подъездами для специализированного транспорта в соответствии с требованиями Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к сбору, использованию, применению, обезвреживанию, транспортировке, хранению и захоронению отходов производства и потребления", утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-331/2020 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 21934).

      31. В контейнеры и на контейнерные площадки допускается сброс и складирование только коммунальных отходов.

      32. Твердые бытовые отходы вывозятся мусоровозным транспортом, жидкие отходы из не канализованных домовладений - ассенизационным вакуумным транспортом.

      33. Контейнеры после опорожнения обрабатываются дезинфицирующим раствором на местах или заменяются чистыми, прошедшими обработку на местах опорожнения.

      Места обработки контейнеров необходимо оборудовать установками для чистки, мойки и дезинфекции с подводкой горячей и холодной воды, организацией стока.

      34. Жидкие бытовые отходы и крупногабаритный мусор не подлежит сбросу в мусоропровод.

      35. Эксплуатацию мусоропровода осуществляет эксплуатирующая организация, в ведении которой находится жилой дом.

      36. Физические лица обеспечивают безопасный сбор отработанных ртутьсодержащих ламп и приборов в специальные контейнеры для сбора ртутьсодержащих ламп и приборов, расположенных на территории контейнерных площадок.

      37. Специализированные организации, эксплуатирующие контейнерные площадки и контейнеры в целях благоустройства территорий городов и населенных пунктов:

      1) обеспечивают санитарное содержание контейнерных площадок, контейнеров и прилегающих к ним территорий;

      2) производят своевременный ремонт и замену непригодных к дальнейшему использованию контейнеров;

      3) принимают меры по обеспечению контейнерные площадки и контейнеры регулярной мойки, дезинфекции, дезинсекции, дератизации против мух и грызунов.

      38. Не допускается складирование строительных и крупногабаритных отходов на прилегающей территории к контейнерным площадкам.

      Физические и юридические лица, производят самостоятельный вывоз строительных и крупногабаритных отходов в специальные отведенные места.

      39. Работники, осуществляющие транспортировку коммунальных отходов, незамедлительно производят уборку мусора, просыпавшегося при выгрузке из контейнеров в специализированный транспорт.

      40. На вокзалах, рынках, в аэропорту, парках, зонах отдыха, на площадях, в учреждениях образования, здравоохранения, на улицах, остановках общественного пассажирского транспорта, у входа в торговые объекты устанавливаются урны для мусора. Урны устанавливаются на расстоянии не менее 50 метров одна от другой в местах массового посещения населения, во дворах, в парках, на площадях на расстоянии от 10 до 100 метров. На остановках пассажирского транспорта и у входов в торговые объекты устанавливается по две урны.

      41. Установка, очистка и мойка урн производятся организациями, эксплуатирующими территории, либо во владении или пользовании которых находятся территории. Очистка урн производится по мере их заполнения, но не реже одного раза в день.

      Мойка урн производится по мере загрязнения, но не реже одного раза в неделю.

5. Благоустройство улиц, жилых кварталов и микрорайонов

      42.Территории городов и населенных пунктов при благоустройстве обеспечиваются оптимальными условиями и средствами доступа для всех категорий населения, включая маломобильные группы населения к местам общего пользования, жилого и рекреационного назначения, а также к объектам транспортной инфраструктуры в соответствии государственными нормативами в области архитектуры, градостроительства и строительства, утвержденных в соответствии с подпунктом 23-16) статьи 20 Закона.

      43. Все виды работ по благоустройству территорий городов и населенных пунктов, предусмотренные проектной (проектно-сметной) документацией, выполняются по утвержденным проектам. Данные виды работ осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности.

      44. При проведении строительно-монтажных работ, лица, проводившие данные работы за счет собственных средств восстанавливают первоначальные эксплуатационные качества поврежденного и (или) нарушенного благоустройства в течение тридцати календарных дней. При проведении строительно-монтажных работ затрагивающих покрытия дорог и пешеходных тротуаров, лица, проводившие данные работы восстанавливают первоначальные эксплуатационные качества поврежденного и (или) нарушенного покрытия из материала первоначального покрытия.

6. Содержание фасадов зданий и сооружений

      45. Физические и юридические лица, в ведении которых находятся здания и сооружения, собственники зданий и сооружений обеспечивают своевременное производство работ по реставрации, ремонту и покраске фасадов указанных объектов и их отдельных элементов (балконы, лоджии, водосточные трубы), а также поддерживают в чистоте и исправном состоянии расположенные на фасадах информационные таблички, памятные доски. Производится световое оформление витрин магазинов и офисов, выходящих фасадами на улицы.

      46. Не допускается наклеивание и развешивание на зданиях, заборах, остановках городского пассажирского транспорта, опорах освещения, деревьях объявлений и информационных сообщений.

      47. Самовольное переоборудование фасадов зданий и конструктивных элементов не допускается.

7. Содержание наружного освещения и фонтанов

      48. Включение наружного освещения улиц, дорог, площадей, набережных и иных освещаемых объектов производится при снижении уровня естественной освещенности в вечерние сумерки до 20 люкс, а отключение в утренние сумерки при ее повышении до 10 люкс по графику, утвержденному местным исполнительным органом.

      49. Элементы устройств наружного освещения и контактной сети, металлические опоры, кронштейны содержатся в чистоте, не имеют очагов коррозии и окрашиваются. Замена перегоревших светильников осуществляется соответствующими организациями.

      50. Вышедшие из строя газоразрядные лампы, содержащие ртуть хранятся в специально отведенных для этих целей помещениях и вывозятся на специальные предприятия для их утилизации. Указанные типы ламп на полигон не вывозятся.

      51. Вывоз сбитых опор освещения и контактной сети электрифицированного транспорта осуществляется владельцем опоры на основных магистралях незамедлительно, на остальных территориях, а также демонтируемых опор – в течение суток.

      52. Уполномоченный орган обеспечивает надлежащее состояние и эксплуатацию фонтанов находящийся в коммунальной собственности.

      53. Сроки включения фонтанов, режимы их работы, график промывки и очистки чаш, технологические перерывы и окончание работы определяются уполномоченным органом.

      54. В период работы фонтанов очистка водной поверхности от мусора производится ежедневно. Эксплуатирующие организации содержат фонтаны в чистоте также в период их отключения.

8. Ответственность за нарушение Правил

      55. Юридические и физические лица, виновные в нарушении настоящих Правил, несут ответственность в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях".

      56. Применение мер административной ответственности не освобождает нарушителей от возмещения причинҰнного материального ущерба в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан, устранения допущенных нарушений и выполнения требований, предусмотренных настоящими Правилами.