Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 13.06.2024 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 57 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6094 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Г. Нурмухамбетов |
2023 жылғы 21 қарашадағы | |
№ 214 қаулысына қосымша | |
Солтүстік Қазақстан | |
облысы әкімдігінің | |
2020 жылғы "13" наурыздағы | |
№ 57 қаулысына қосымша |
Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативі
Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы | Тереңдете өңделетін өнімдер атауы | Шикізатқа қайта есептегендегі субсидиялар нормативтері, теңге / килограмм |
Шикі сүт | Сары май | 39,3 |
Шикі сүт | Қатты ірімшік | 14,0 |
Шикі сүт |
Құрғақ сүт | 11,2 |