Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 6 сәуірдегі № 84 "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 6 қарашадағы № 214 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 7 қарашада № 7612-15 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 6 сәуірдегі № 84 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27567 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

      2-тармақтың 2), 3), 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) кондоминиум объектісі – жеке (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, тұрақ орындарынан, қоймалардан және жеке (бөлек) меншікте бола алмайтын және ортақ үлестік құқықтағы пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне тиесілі ортақ мүлектен тұратын бірыңғай мүліктік кешен көппәтерлі тұрғын үйдің астындағы бірынғай бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, меншік;

      3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі– кондоминиум объектісінің бөлектері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифттер, шатырлар, шатырлар, техникалық қабаттар, жертөлелер, жалпыүйлік Инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үйдің және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі жеке (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емкс үй-жайлардан, тұрақ орындарынан, қоймалардан басқа);";

      "8) көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиумы (бұдан әрі – кондоминиум) – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, тұрақ орындары, қоймалар жеке (бөлек) меншікте болатын, ал жеке (бөлек) меншікте болмайтын бөліктер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне ортақ үлестік құқықта тиесілі болатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген меншік нысаны көппәтерлі тұрғын үйдің астындағы бірыңғай бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, меншік;".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақжар ауданының әкімі К. Калиев

О внесении изменений в постановление акимата Акжарского района Северо-Казахстанской области от 6 апреля 2022 года № 84 "Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика населенным пунктам Акжарского района Северо-Казахстанской области"

Постановление акимата Акжарского района Северо-Казахстанской области от 6 ноября 2023 года № 214. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Северо-Казахстанской области 7 ноября 2023 года № 7612-15

      ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Акжарского района Северо-Казахстанской области от 6 апреля 2022 года № 84 "Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика населенным пунктам Акжарского района Северо-Казахстанской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 27567) следующие изменения:

      в Правилах организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика населенным пунктам Акжарского района Северо-Казахстанской области, утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 2), 3), 8) пункта 2 изложить в новой редакции:

      "2) объект кондоминиума – единый имущественный комплекс, состоящий из квартир, нежилых помещений, парковочных мест, кладовок, находящихся в индивидуальной (раздельной) собственности, и общего имущества, которое не может находиться в индивидуальной (раздельной) собственности и принадлежит собственникам квартир, нежилых помещений, парковочных мест, кладовок на праве общей долевой собственности, включая единый неделимый земельный участок под многоквартирным жилым домом и (или) придомовой земельный участок;

      3) общее имущество объекта кондоминиума - части объекта кондоминиума (фасады, подъезды, вестибюли, холлы, коридоры, лестничные марши и лестничные площадки, лифты, крыши, чердаки, технические этажи, подвалы, общедомовые инженерные системы и оборудования, абонентские почтовые ящики, земельный участок под многоквартирным жилым домом и (или) придомовой земельный участок, элементы благоустройства и другое имущество общего пользования), кроме квартир, нежилых помещений, парковочных мест, кладовок, находящихся в индивидуальной (раздельной) собственности;";

      "8) кондоминиум многоквартирного жилого дома (далее - кондоминиум) - форма собственности, зарегистрированная в порядке, определенном законодательством Республики Казахстан, при которой квартиры, нежилые помещения, парковочные места, кладовки находятся в индивидуальной (раздельной) собственности, а те части, которые не находятся в индивидуальной (раздельной) собственности, принадлежат собственникам квартир, нежилых помещений, парковочных мест, кладовок на праве общей долевой собственности, включая единый неделимый земельный участок под многоквартирным жилым домом и (или) придомовой земельный участок;".

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Акжарского района Северо-Казахстанской области.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Акжарского района К. Калиев