"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешіммен бекітілген Қағидалардың 6-тармағының 8) тармақшасы 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болып белгіленсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
М. Жусупбеков |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Ақжар аудандық мәслихатының | |
2023 жылғы 7 қарашадағы | |
№ 11-4 шешіммен бекітілген |
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңы негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі – Үлгі қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
6) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
7) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
9) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін ауылдық округ әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 29.02.2024 № 16-7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3. Осы Қағидалар Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы аумағында тұрақты тіркелген және тұратын адамдарға таралады.
4. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының (бұдан әрі – Заңы) 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын,жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
6. Мереке және атаулы күндерге әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға ақшалай төлем түрінде, жылына 1 (бір) рет көрсетіледі:
6. Мереке және атаулы күндерге әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға ақшалай төлем түрінде, жылына 1 (бір) рет көрсетіледі:
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда. 2024 жылғы 15 ақпанға қарай Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда. 2024 жылғы 15 ақпанға қарай Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда. 2024 жылғы 15 ақпанға қарай Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда. 2024 жылғы 15 ақпанға қарай Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшiлерге – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда. 2024 жылғы 15 ақпанға қарай Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда. 2024 жылғы 15 ақпанға қарай Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілерге – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
3) 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні:
бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлігінің, ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының әскери міндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көріністерге байланысты төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
4) 9 мамыр – Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай – ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне – 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы темiржол учаскелерінде, қорғаныс шептерiнің, әскери-теңiз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшiлерiне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлеріне – 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;
майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерiне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталған азаматтарға - 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға - 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасыларына, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасыларына - 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестiрiлген қайтыс болған адамның екiншi рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) - 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға - 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні:
бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын-сүргіндерге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарға – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Қазақстан Республикасының қазіргі аумағын құрайтын аумақта оларға қуғын-сүргін қолданылғанға дейін тұрақты тұрған адамдарға - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде:
бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргіндерді кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (қарапайым адамдар мен әскери қызметшілерді) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
Қазақстаннан тыс жерлерде әскери қызмет өткеру үшін шақырылғаннан кейін қуғын-сүргіндерді қолдануы;
орталық одақтық органдардың шешімдері бойынша қуғын-сүргіндердің қолданылуы: КСР Одағы Жоғарғы Сотының және оның сот алқаларының, КСР Одағы біріккен мемлекеттік саяси басқармасының алқаларының, ішкі істер халық комиссариаты-мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі-КСР Одағының ішкі істер Министрлігі жанындағы ерекше кеңестің, КСР Одағы прокуратура комиссиясының және КСР Одағы ішкі істер халық комиссариатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа да органдардың;
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады;
КСР Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының актілері негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдарға – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
ата-аналарымен бірге немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған Саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балаларына, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оны қолдану нәтижесiнде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балаларына – 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
6) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні:
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
7) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:
Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне –10 (он) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
"Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық каһарманы" атағына ие болған адамдарына –10 (он) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлерге, облыстың, ауданның Құрметті азаматтарына – 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
8) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күні:
бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын-сүргіндерге тікелей ұшыраған және қазіргі куақытта Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарға – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
Қазақстан Республикасының қазіргі аумағын құрайтын аумақта оларға қуғын-сүргін қолданылғанға дейін тұрақты тұрған адамдарға - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде:
бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргіндерді кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (қарапайым адамдар мен әскери қызметшілерді) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
Қазақстаннан тыс жерлерде әскери қызмет өткеру үшін шақырылғаннан кейін қуғын-сүргіндерді қолдануы;
орталық одақтық органдардың шешімдері бойынша қуғын-сүргіндердің қолданылуы: КСР Одағы Жоғарғы Сотының және оның сот алқаларының, КСР Одағы біріккен мемлекеттік саяси басқармасының алқаларының, ішкі істер халық комиссариаты-мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі-КСР Одағының ішкі істер Министрлігі жанындағы ерекше кеңестің, КСР Одағы прокуратура комиссиясының және КСР Одағы ішкі істер халық комиссариатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа да органдардың;
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады;
КСР Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының актілері негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдарға – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
ата-аналарымен бірге немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған Саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балаларына, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оны қолдану нәтижесiнде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балаларына – 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде.
Ескерту. 6-тармағының 8) тармақшасы 31.12.2023 дейін қолданыста болып белгіленсін - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 07.11.2023 № 11-4 шешімінің 3- тармағына сәйкес.9) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күні:
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады – 200 (екі жүз) мың теңге мөлшерінде.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 29.02.2024 № 16-7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.7. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына кірістері есепке алмай, мынадай негіздер бойынша көрсетіледі:
1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі – бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей, дүлей зілзала, өрт фактісін растайтын құжат негізінде;
2) әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша мұқтаж деп танылған адамдарға (отбасыларға):
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақжар аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ұсынған тізімдер негізінде туберкулезбен ауыратын және амбулаториялық емделуде жүрген азаматтарға қосымша тамақтануға – ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
диспансерлік есепте тұрған адамның иммунтапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне ай сайын Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы Заңында тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде;
3-4 сатыдағы онкологиялық дертке шалдыққан адамдарға, сатысына қарамай 18 жасқа толмаған адамдарға, денсаулық сақтау мекемесінен анықтама ұсыну бойынша - тоқсан сайын 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде.
8. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын адамның (отбасының) жанбасына шаққандағы орташа табысын ескере отырып, 1 (бір) рет 10 (он) айлық көрсеткіш мөлшерінде мынадай негіздер бойынша көрсетіледі:
жетімдiк, ата-ана қамқорлығының болмауы;
әлеуметтік маңызы бар аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тіршілік әрекетін шектеу;
жасы ұлғаюына байланысты, науқастануы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіздігі;
панасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
бас бостандығынан айыру орындарынан босату, пробация қызметінде есепте болу.
9. Әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға табыстарын есепке алмай көрсетіледі:
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға тіс протездеу ақысын төлеуге, бағалы металлдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа, 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын жылына 1 (бір) рет;
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген басқа да адамдар Қазақстан Республикасының санаторийлерінде (профилакторийлерінде) санаториялық-курорттық, өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша емдеу-алдын алу мекемесінің ұсынымдарына сәйкес, санаториялық-курорттық картадан үзінді көшірме ұсынуымен санаториялық-курорттық емдеу құны мөлшерінде, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жылына 1 (бір) рет;
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға, коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығынның орнын толтыруға ай сайын 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға, Семей ядролық сынақ полигоны аймағында зардап шеккен адамдарға Қазақстан Республикасының аумағында теміржол (плацкарт вагон), жолаушылар тасымалдайтын автомобиль көлігінің (таксиден басқа) бір түрімен жол жүру станциясынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері жол жүру шығындарын өтеу үшін жылына 1 рет жол жүру құны мөлшерінде
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға санаториялық-курорттық емделуге жеке көмекшінің сүйемелдеуіне уәкілетті органның тізімі негізінде жылына 1 (бір) рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 29.02.2024 № 16-7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.10. Адамның (отбасының) жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32609 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
12. Әлеуметтік көмек көрсету тәртіб, көрсетілетін әлеуметтік көмектен бас тарту үшін негіздер Үлгілік қағидалардың 13-21-тармақтарына сәйкес айқындалады.
13. Атаулы күндермен мереке күндері әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын жергілікті атқарушы орган белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалаптастырылады.
14. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі органға немесе ауылдық округ әкіміне Үлгілік қағидалардың 12-тармағына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
15. Әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асатын уәкілетті орган қабылдаған шешімге шағымдану тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелер туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бұйрығымен айқындалған.
16. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру, Ақжар ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
17. Әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы, өтініш берушілердің жеке шоттарына сомаларды аудару жолымен, ақшалай нысанда ұсынылады.
18. Әлеуметтік көмек мына жағдайларда тоқтатылады:
1) алушы қайтыс болғанда;
2) алушы Акжар ауданынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткенде;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген кезде;
4) өтініш беруші жалған мәліметтерді ұсынғаны анықталғанда.
Әлеуметтік көмектің төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
19. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
20. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Ақжар аудандық мәслихатының | |
2023 жылғы 7 қарашадағы | |
№ 11-4 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 03 сәуірдегі № 13-3 "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4170 болып тіркелген).
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 03 наурыздағы № 53-2 "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 03 сәуірдегі № 13-3 "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6084 болып тіркелген).
3. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 09 желтоқсандағы № 12-2 "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 03 сәуірдегі № 13-3 "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25848 болып тіркелген).
4. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 наурыздағы № 16-1 "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 03 сәуірдегі № 13-3 "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27168 болып тіркелген).
5. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 11 қазандағы № 25-5 "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 03 сәуірдегі № 13-3 "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30216 болып тіркелген).
6. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 05 шілдедегі № 5-1 "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 03 сәуірдегі № 13-3 "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7552-15 болып тіркелген).