"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 2/15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7476 болып тіркелген) "Шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Е. Туткушев |