"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, Благовещенка ауылы халқының пікірін ескере отырып, 2020 жылғы 29 желтоқсандағы Солтүстік Қазақстан облысы ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылдық округі Благовещенка ауылының Социалистическая көшесі Төлебай Мұстафин көшесіне қайта аталсын.
2. Благовещенка ауылдық округінің Благовещенка ауылындағы тұйық көшелердің атауы қайта аталсын:
Коммунистический тұйық көшесі Герольд Бельгер тұйық көшесіне;
Дзержинский тұйық көшесі Достық тұйық көшесіне;
Чапаев тұйық көшесі Мағжан Жұмабаев тұйық көшесіне;
Пионерский тұйық көшесі Әл-Фараби тұйық көшесіне қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Благовещенка ауылдық округі әкімі | Т. Иманжанов |