"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 107 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 12 маусымда № 7530-15 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 316 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5755 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымшаның 1 тармағының 6) және 7) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "6) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

      7) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары.".

      2. Осы каулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жумабаев ауданының әкімі
К. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты

О внесении изменений в постановление акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 24 декабря 2019 года № 316 "Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области"

Постановление акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 8 июня 2023 года № 107. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 12 июня 2023 года № 7530-15

      Акимат района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области "Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области" от 24 декабря 2019 года № 316 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5755) следующие изменения:

      подпункты 6) и 7) пункта 1 приложения к указанному постановлению изложить в новой редакции:

      "6) социальный работник по уходу за престарелыми и лицами с инвалидностью – специалисты высшего, среднего уровня квалификации высшей, первой, второй категории, без категории государственного учреждения и государственного казенного предприятия;

      7) социальный работник по уходу за детьми с инвалидностью и лицами с инвалидностью старше 18 лет с психоневрологическими заболеваниями – специалисты высшего, среднего уровня квалификации высшей, первой, второй категории, без категории государственного учреждения и государственного казенного предприятия.".

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Магжана Жумабаева
Северо-Казахстанской области
К. Омаров

      "СОГЛАСОВАНО"

      Маслихат района Магжана Жумабаева

      Северо-Казахстанской области