Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 сәуірдегі №117 "Солтүстік Қазақстан облысыТайынша ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5330 болып тіркелді) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Б. Альжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданының мәслихаты
2023 жылғы 25 желтоқсандағы | |
№ 442 қаулысына қосымша | |
Тайынша ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы 3 сәуірдегі № 117 | |
қаулысына қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
2) қарттар мен мүгедек тұлғаларды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
3) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларды және 18 жастан асқан мүгедек тұлғаларды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас бухгалтері;
5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлімінің басшысы;
6) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас әкімшісі;
7) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын кітапханасының меңгерушісі (басшысы);
8) әкімші (негізгі қызметтер);
9) аккомпаниатор;
10) балетмейстер;
11) библиограф;
12) кітапханашы;
13) дыбыс инженері;
14) барлық атаулардағы инженер (негізгі қызметтер);
15) Мәдени ұйымдастырушы(негізгі қызметтер);
16) барлық атаулардың (негізгі қызметтердің) әдіскері;
17) музыкалық жетекші;
18) редактор (негізгі қызметтер);
19) режиссер;
20) қоюшы-режиссер;
21) хореограф;
22) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
23) бухгалтер;
24) барлық мамандықтар инженері;
25) инспектор;
26) аудармашы;
27) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға: шаруашылыққа әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің басшысы;
28) костюмер;
29) оператор: жарық аппаратурасы, бейнежазба, дыбыс жазу.