Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Амандық, Аймақ, Ильичевка ауылдары халқының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі Амандық ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
атаусыз көшеге - Жақан Сыздықов көшесі;
атаусыз көшеге - Абылай хан көшесі;
атаусыз көшеге – Тезекбай көшесі;
атаусыз көшеге – Интернациональная көшесі.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі Ильичевка ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
атаусыз көшеге – Нефтебаза көшесі;
атаусыз көшеге – Станционная көшесі.
3. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі Аймақ ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
атаусыз көшеге - Шоқан Уәлиханов көшесі;
атаусыз көшеге – Гагарин көшесі;
атаусыз көшеге – Железнодорожная көшесі;
атаусыз көшеге – Бейбітшілік көшесі;
атаусыз көшеге – Юбилейная көшесі.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Н. Тасимов |