Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық жерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 165 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5549 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
осы қаулының қосымшасына сәйкес, көрсетілген қаулының қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м.а. | Р. Рамазанов |
"Келісілді"
Тимирязев аудандық маслихаты
Тимирязев ауданы | |
әкімдігінің | |
2023 жылғы 23 қазандағы | |
№ 227 қаулысына | |
қосымша | |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Тимирязев ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы 26 тамыздағы | |
№ 165 қаулысына | |
қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық жерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент - біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
5) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
6) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
7) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар.
2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттiк мекеме және мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынның басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттiк мекеме және мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын басшысының орынбасары;
3) аудандық маңызы бар мемлекеттiк мекеме және мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынның кітапхана меңгерушісі;
4) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтердің) - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
5) библиограф - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
6) кітапханашы - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
7) режиссер - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
8) редактор (негізгі қызметтердің) - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі мамандар;
9) аккомпаниатр - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
10) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтердің) - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
11) хореограф - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар;
12) музыкалық жетекші - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар.