"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 7-тармағына және 6-бабының 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан Уәліханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Уәлиханов ауданы әкімінің басшылық ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Уәлиханов ауданының әкімі | К. Пшенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары басқармасы"
мемлекеттік мекемесі
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Уәлиханов ауданы әкімдігінің | |
2023 жылғы 20 шілдедегі № 99 | |
қаулысына қосымшасы |
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№ | Автомобиль жолдарының индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Жалпы ұзындығы, шақырым |
1 | KTUL-100 | Көктерек-Тоспа-Жасқайрат-Қайрат | 85 |
2 | Қөбенсай ауылына кіреберіс | 19 | |
3 | КСТUL-58 | Қайрат-Кулыкөл | 30 |
4 | KTUL-76 | Золотая Нива-Жарықопа | 23 |
5 | KTUL-84 | Чехово-Молодая Гвардия | 26 |
6 | KTUL-355 | Өндіріс ауылына кіреберіс | 1,5 |
7 | KTUL-336 | Бидайық-Өндіріс -Жұмысшы-Мырзағул | 35,2 |
8 | KTUL-337 | Көктерек-Қарамырза | 12 |
9 | KTUL-339 | Қаратерек-Малқара | 10 |
10 | KTUL-340 | Ақтүесай-Күзексай | 8 |
11 | KTUL-341 | Кулыкөл-Қаратал-Береке | 18 |
12 | KTUL-342 | Кулыкөл-Шолаксор | 4,8 |
13 | КTUL-56 | Қондыбай ауылына кіреберіс | 2 |
Барлығы | 274,50 |