"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі № 500 "Атырау қалалық әкімдігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4140 болып тіркелген) және 2022 жылғы 15 ақпандағы № 324 "Атырау қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі № 500 "Атырау қалалық әкімдігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау қаласының әкімі | М. Қалауи |