"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 – бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 – бабына сәйкес Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШТІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Атырау қалалық Мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Атырау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 215 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4141 болып тіркелген) шешімі;
2) ""Атырау қалалық Мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Атырау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 215 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Атырау қаласы Мәслихатының 2022 жылғы 28 наурыздағы № 152 шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау қаласы Мәслихатының төрағасы | Н. Құрман |