"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 1854 "Атырау қаласында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3772 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің міндетін атқарушы | Н. Ермуханов |