Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жылыой аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Қ. Мыңбаев |
Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 6-11 шешіміне қосымша |
Жылыой аудандық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі
1. Жылыой аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 20-3 "Жылыой ауданының Құлсары қаласы, Жаңа Қаратон кентінің және ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4160 болып тіркелген);
2. Жылыой аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 ақпандағы № 43-1 "Жылыой ауданының Майкөмген және Ақкиізтоғай ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4596 болып тіркелген);
3. Жылыой аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 қазандағы № 11-1 "Жылыой ауданының Құлсары қаласы, Жаңа Қаратон кентінің және ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" Жылыой аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 20-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі;
4. Жылыой аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 қазандағы № 11-2 "Жылыой ауданының Майкөмген және Ақкиізтоғай ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" Жылыой аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 ақпандағы № 43-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі.