"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мақат ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 52 "Мақат аудандық әкімдігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4127 болып тіркелген) және 2022 жылғы 4 ақпандағы № 21 "Мақат аудандық әкімдігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Мақат ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 52 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мақат ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы |
Б. Жайкин |