Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8, 11 баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақат ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Мақат ауданының жерлерін бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 4 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | А. Шангалаев |
Мақат аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 58-VIII шешіміне 1 қосымша |
Мақат ауданы, Мақат кенті аумағын аймақтарға бөлу ЖОБАСЫ (СХЕМАСЫ)
Мақат аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 58-VIII шешіміне 2 қосымша |
Мақат ауданы, Доссор кенті аумағын аймақтарға бөлу ЖОБАСЫ (СХЕМАСЫ)
Мақат аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 58-VIII шешіміне 3 қосымша |
Мақат ауданы, Бәйгетөбе ауылдық округіаумағын аймақтарға бөлу ЖОБАСЫ (СХЕМАСЫ)
Мақат аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 58-VIII шешіміне 4 қосымша |
Мақат ауданы жерлерінің бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
№ | Бағалау аймақтарының шекаралары (елді мекендер) | Аймақ нөмірі | Түзету коэффициенттері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Мақат кенті шекарасының шегінде | I | 2,0 |
II | 1,9 | ||
III | 1,6 | ||
IV | 1,0 | ||
2 | Доссор кенті шекарасының шегінде | I | 2,0 |
II | 1,8 | ||
III | 1,6 | ||
IV | 1,0 | ||
3 | Бәйгетөбе ауылдық округі шекарасының шегінде | I | 1,3 |
II | - |