"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 115 "Құрманғазы ауданы әкімдігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4138 болып тіркелген) және 2022 жылғы 11 ақпандағы № 81 "Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 115 "Құрманғазы ауданы әкімдігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | М. Хасанов |