Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Түркістан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 114 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3196 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасындағы:
"4. Түркістан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары" деген бөлімінде:
3-жолы келесі редакцияда жазылсын:
" | № | Орталық елді мекен атауы | Жылу энергиясын тұтыну нормалары | Өлшем бірлігі | Мағынасы | |
3 | Түркістан қаласының тұтынушылары үшін жылумен жабдықтау және ыстық сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары | Жылу беру маусымы кезеңінде көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлерді жылумен жабдықтау | 1 м2-ге Гкал | 0,142 | ||
Ыстық сумен жабдықтау | жылына бір адамға Гкал | 2,73 | ". |
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Түркістан облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысының әкімі | Д. Сатыбалды |