Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 5/48-VІI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6176 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы Түркістан облысында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде рецепт бойынша облыстық бюджет қаражаты есебінен тегін қосымша берілетін дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер және медициналық бұйымдардың тізілімі мынадай жолдармен толықтырылсын:
Қосымша дәрі-дәрмектердің, арнайы емдік өнімдердің және медициналық бұйымдардың аталуы | Азаматтар санаты |
Экулизумаб 300 мг | 18 жасқа дейінгі балаларға |
Нитизинон 10 мг | 18 жасқа дейінгі балаларға |
Касимерсен 500мг/100мг | 18 жасқа дейінгі балаларға |
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы | Н. Абишов |