Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы Нұра елді мекенін тарату туралы

Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 208 бірлескен қаулысы және Түркістан облысы мәслихатының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 5/67-VIII шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 21 қыркүйекте № 6348-13 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысы Бәйдібек ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылдық округіне қарасты Нұра елді мекені таратылсын.

      2. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысының және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі Д. Сатыбалды
      Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н. Абишов

Об упразднении населенного пункта Нура района Байдибек Туркестанской области

Совместные постановление акимата Туркестанской области от 20 сентября 2023 года № 208 и решение маслихата Туркестанской области от 11 сентября 2023 года № 5/67-VIII. Зарегистрированы в Департаменте юстиции Туркестанской области 21 сентября 2023 года № 6348-13

      В соответствии с пунктом 3) статьи 11 Закона Республики Казахстан "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", учитывая мнения представительного и исполнительного органов района Байдибек Туркестанской области, акимат Туркестанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ и маслихат Туркестанской области РЕШИЛ:

      1. Упразднить населенный пункт Нура сельского округа Мынбулак района Байдибек Туркестанской области.

      2. Контроль за исполнением настоящего совместного постановления акимата Туркестанской области и решения Туркестанского областного маслихата возложить на курирующего заместителя акима Туркестанской области.

      3. Настоящее совместное постановление акимата Туркестанской области и решение Туркестанского областного маслихата вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Туркестанской области Д. Сатыбалды
      Председатель Туркестанского областного маслихата Н. Абишов