"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысы Арыс қаласының және Түлкібас, Сауран, Қазығұрт, Сарыағаш аудандарының әкімдіктері мен мәслихаттарының бірлескен ұсыныстары негізінде, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан облысы Арыс қаласы Ақдала ауылдық округінің Ақын-Жақып, Тоғайлы және Тақыркөл елді мекендері таратылсын.
2. Түркістан облысы Түлкібас ауданы Кемербастау ауылдық округінің РЗД-117 елді мекені және Келтемашат ауылдық округінің Ақсай елді мекені таратылсын.
3. Түркістан облысы Сауран ауданы Қарашық ауылдық округінің Қаратөбе елді мекені және Шорнақ ауылдық округінің 32-разъезд елді мекені таратылсын.
4. Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылдық округінің Қырыққыз елді мекені таратылсын.
5. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылдық округінің Сөк-Сөк елді мекені, Дарбаза ауылдық округінің 50-разъезд, Бесқұдық елді мекендері және Жылға ауылдық округінің 49-разъезд, Нұрауыл елді мекендері таратылсын.
6. Осы бірлескен Түркістан облысының әкімдігінің қаулысының және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
7. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Д.Сатыбалды |
Облыстық мәслихаттың төрағасы | Н.Әбішов |