Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 қаңтардағы 27/181-V "Қазығұрт ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2526 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазығұрт аудандық мәслихат төрағасы | Т. Калымбетов |