Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабыны 8) тармақшасына сәйкес, және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 02-05/394 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қарабау ауылдық округі Үшбұлақ ауылы Б.Есназаров № 1-17 көшелерінің аумағында ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қазығұрт ауданы Қарабау ауылдық округ әкімінің 2022 жылғы 7 қарашадағы № 35 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30430 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қарабау ауылдық округінің әкімі | Ж. Алимкулов |