"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісай аудандық мәслихатының "Жетісай ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" 2023 жылғы 5 мамырдағы № 2-14-VIІI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6262-13 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы | М. Касимов |