Өскемен қаласында қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) жолаушылар тасымалдауды субсидиялау Қағидаларын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 2193 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 12 шілдеде № 8887-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 9-бабына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Өскемен қаласында қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) жолаушылар тасымалдауды субсидиялау Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Өскемен қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі Ж. Омар

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 11 шілдедегі
№ 2193 Қаулысымен
бекітілген

Өскемен қаласында қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) жолаушылар тасымалдауды субсидиялау Қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы қағидалар Өскемен қаласында қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) жолаушылар тасымалын субсидиялау тәртібін айқындайды (бұдан әрі-Қағидалар).

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) жергілікті уәкілетті орган – Өскемен қаласының жолаушылар көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) қалалық рельсті көлік – қала шекарасындағы жолдармен жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік түрі (трамвай);

      3) тасымалдаушы – ақыға немесе жалданып жолаушыларды, багажды, жүктердi және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн және осыған белгiленген тәртiппен берiлген тиісті рұқсаты бар, меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде көлiк құралын иеленушi жеке немесе заңды тұлға.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған.

      3. Субсидиялауға қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) жолаушылар тасымалдауды орындау нәтижелері бойынша қалыптасқан тасымалдаушы шығындары жатады.

      Тасымалдауды орындаудан келетін шығындар тасымалдаулардан түсетін кірістер мен пайдалану шығыстары сомасының айырмасы ретінде айқындалады.

      4. Қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) жолаушылар тасымалын субсидиялау жергілікті бюджет қаражатынан жүргізіледі.

2-тарау. Өскемен қаласында қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) жолаушылар тасымалдауды субсидиялау тәртібі

      5. Қалалық рельсті көліктің маршруттары бойынша орындалған тасымалдаулар үшін кірістер тасымалданған жолаушылар санына көбейтілген жолаушының бір рет жол жүру құны ретінде есептеледі.

      Бұл ретте алдағы кезеңге тасымалданған жолаушылар көлемі өткен кезеңнің деректерін есепке ала отырып, кейіннен нақты деректер бойынша жасалған есепті ұсынып болжамдық деректер бойынша анықталады.

      6. Жолаушыларды тасымалдау пайдалану шығыстарына:

      1) кәсіпорын жұмысшыларының жалақы төлем қоры (жұмысшылардың міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыруына аударымдар мен әлеуметтік аударымдар);

      2) электр энергиясына нақты шығындар (электр энергиясына шығындар сомасы маршруттардың санына бөлінеді, шығындар әр маршрутқа бөлінеді);

      3) жылжымалы құрамды күтіп ұстауға және жөндеуге арналған пайдалану шығыстар, жылжымалы құрамға және қосалқы автотракторлық техникаға техникалық байқау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізуге шығыстар;

      4) байланыс және кабель желілерін, тартқыш кіші станцияларды, қалалық рельстік жолдарды күтіп ұстауға және жөндеуге пайдалану шығыстары;

      5) амортизациялық аударымдар;

      6) байланыс, күзет, диспетчерлеу, сақтандыру, инкассация, оқыту, қайта даярлау және біліктілікті арттыру қызметтеріне ақы төлеу, персоналды медициналық тексеру, іссапар шығыстары, кеңсе тауарларын, дәрі-дәрмектер, арнайы киімдер және өндірістік персоналға арналған жеке қорғану құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындар, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындар, коммуналдық қызметтер (жылу энергиясын, су, сарқынды су жеткізу) төлемі шығындары кіретін үстеме шығыстар;

      7) тиімділігі 15 пайыз;

      8) қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру үшін көлікті жаңғыртуға байланысты екінші деңгейдегі банктердің қаржыландыру жөніндегі шығыстары кіреді;

      7. Жергілікті уәкілетті орган Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген кірістер мен шығыстар негізінде қалалық рельсті көлікті (трамвай) субсидиялау көлемін анықтайды.

      8. Қалалық рельсті көлік (трамвай) бойынша жергілікті бюджет қаражатынан субсидияларды төлеу жергілікті уәкілетті органмен ай сайын міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына, сондай-ақ тасымалдаушының залалдарын субсидиялау туралы шартқа сәйкес жүргізіледі.

      9. Жолаушыларды қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) ай сайын тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушы есепті айдан кейінгі айдың 15 күніне дейін мерзімде жергілікті уәкілетті органға мынадай құжаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану жөніндегі заңнамасымен белгіленген тәртіпте ұсынады:

      1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) нақты тасымалданған жолаушылар туралы есеп;

      2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар туралы акт;

      3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалалық рельсті көліктің (трамвайдың) кірістері мен шығыстары туралы есеп;

      4) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тасымалдаушы жасайтын қалалық рельсті көлік (трамвай) маршруттары бойынша орындалған рейстер туралы анықтама;

      5) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) жолаушыларды тасымалдаудан сатылған билеттерден түскен кірістер бойынша есеп;

      Аталған құжаттардың біреуі болмаған жағдайда жергілікті уәкілетті орган құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Құжаттарды қабылдау күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жергілікті уәкілетті орган тасымалдаушыны қабылданған шешім жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте хабардар етеді.

      10. Оң шешім қабылдаған жағдайда жергілікті уәкілетті орган тасымалдаушы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тасымалдаушымен ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орындалған жұмыстар актілеріне қол қояды.

      11 Жылдың соңғы күнтізбелік айына бюджеттік субсидияларды төлеу 20 желтоқсаннан кешіктірілмей, болжамдық деректер бойынша жасалған қалалық рельсті көліктің субсидияланатын маршруттары бойынша ұсынылған есептің негізінде жүзеге асырылады, кейіннен келесі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірілмей нақты деректер бойынша жасалған есепті ұсынады. Ұсынылған болжамдық деректер іс жүзіндегісінен асқан жағдайда, айырмасы жергілікті бюджетке қайтарылуға жатады.

  Өскемен қаласында қалалық
рельсті көлікпен (трамваймен)
жолаушылар тасымалдауды
субсидиялау Қағидаларына
1 қосымша

Қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) нақты тасымалданған жолаушылар туралы есеп

       __________________________________________________________________

      (тасымалдаушының атауы)

      20__жылдың "___"_______________

    р/с №

Қалалық рельсті көлік (трамвай) маршрутының атауы (маршрут нөмірі)

1 (бір) жолаушыға белгіленген тариф

Есеп беру айында тасымалданған жолаушылар саны

Жолаушыларды тасымалдаудан түскен қаражат, теңге

1

2

3

4

5






      Ұйымның басшысы

      Бас бухгалтер

      Мөр орны

  Өскемен қаласында қалалық
рельсті көлікпен (трамваймен)
жолаушылар тасымалдауды
субсидиялау Қағидаларына
2 қосымша

Орындалған жұмыстар актісі

      Өскемен қаласы "___"______________20___жыл

      Біз, төменде қол қойғандар, жергілікті уәкілетті органның өкілі

      ______________________________________________________________

      (атауы)

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, басшының, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      бір тараптан және тасымалдаушының өкілі

      ____________________________________________________________________

      (атауы)

      ____________________________________________________________________,

      (қолы басшының, бас бухгалтердің, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      екінші тараптан, қалалық рельстік көлікпен (трамваймен) жолаушыларды тасымалдау бойынша орындалған жұмыстар туралы осы актіні жасады

      _________________________________________________________________

      (хабарлама түрі) (атауы, маршрут нөмірі)

      Маршрут "__" __________ 20__ жыл шарт талаптарына сәйкес келеді.

      Тасымалданған жолаушылар саны:

      _____________________________________________________________құрайды.

      (жолаушылардың санын сандармен және жазбаша жазу)

      Субсидиялау сомасы:

      _____________________________________________________________құрайды.

      (соманы сандармен және жазбаша жазу)

      Тараптардың заңды мекен-жайлары:

     


  Өскемен қаласында қалалық
рельсті көлікпен (трамваймен)
жолаушылар тасымалдауды
субсидиялау Қағидаларына
3 қосымша

20__жылғы________ айына қалалық рельсті көлік (трамвай) кірістер мен шығыстар туралы есеп

Маршруттың атауы, нөмірі

Жалақы,
мың теңге

Электр энергиясы,
мың теңге

Жылжымалы құрамды күтіп ұстауға және жөндеуге арналған пайдалану шығыстар, жылжымалы құрамға және қосалқы автотракторлық техникаға техникалық байқау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізуге шығыстар,
мың теңге





      кестенің жалғасы

байланыс және кабель желілерін, тартқыш кіші станцияларды, қалалық рельстік жолдарды күтіп ұстауға және жөндеуге пайдалану шығыстары, мың теңге

Амортизация,
мың теңге

Үстеме шығыстар, мың теңге

Тиімділігі 15 %

      кестенің жалғасы

Қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру үшін көлікті жаңғыртуға байланысты екінші деңгейдегі банктердің қаржыландыру жөніндегі шығыстары

Жанар-жағар май материалдары мен қосалқы бөлшектерді сатып алуға арналған шығыстар,
мың теңге

Шығын,
мың теңге

Барлық кіріс, мың теңге

Барлық шығыс, мың теңге






      Ұйымның басшысы

      Бас бухгалтер

      Мөр орны

  Өскемен қаласында қалалық
рельсті көлікпен (трамваймен)
жолаушылар тасымалдауды
субсидиялау Қағидаларына
4 қосымша

Қалалық рельсті көлік (трамвай) маршруттары бойынша орындалған рейстер туралы анықтама

      ___________________________

      _________________________

      (тасымалдаушының атауы)

      "___"______________20___жыл

    № р/н

Рейстердің атауы

Рейстердің саны

Жүрген жолы, трамвай/километр

Ескерту

жоспар

нақты

жоспар

нақты

1







2







3







Жиыны:







      Қозғалыс қызметінің бастығы

      Экономист

      Ұйымның басшысы

      Мөр орны

  Өскемен қаласында қалалық
рельсті көлікпен (трамваймен)
жолаушылар тасымалдауды
субсидиялау Қағидаларына
5 қосымша

Қалалық рельсті көлікпен (трамваймен) жолаушыларды тасымалдаудан түскен кірістер бойынша есеп

      ____________________________________________________

      (тасымалдаушының атауы)

      "___"______________20___жыл

    № р/н

Атауы

Саны, бірлік

Тариф, теңге

Сома, теңге

Ескерту

1

2


3

4

5

1

Билеттерді қолма-қол ақшаға өткізуден түскен кірістер





2

Билеттерді қолма-қол ақшасыз (электрондық) төлемге өткізуден түскен кірістер





3

Азаматтардың жекеленген санаттарын тасымалдау үшін өтемақы





4

Өзге кірістер






Кірістер жиыны, теңге:





      Ұйымның басшысы

      Бас бухгалтер

      Мөр орны

Об утверждении Правил субсидирования пассажирских перевозок городским рельсовым транспортом (трамваем) в городе Усть-Каменогорске

Постановление акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 11 июля 2023 года № 2193. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 12 июля 2023 года № 8887-16

      В соответствии со статьей 9 Закона Республики Казахстан "О транспорте в Республике Казахстан", акимат города Усть-Каменогорска ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила субсидирования пассажирских перевозок городским рельсовым транспортом (трамваем) в городе Усть-Каменогорске.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Усть-Каменогорска.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Усть-Каменогорска Ж. Омар

  Утверждены
постановлением акимата города
Усть-Каменогорска
от 11 июля 2023 года № 2193

Правила субсидирования пассажирских перевозок городским рельсовым транспортом (трамваем) в городе Усть-Каменогорске

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила определяют порядок субсидирования пассажирских перевозок городским рельсовым транспортом (трамваем) в городе Усть-Каменогорске (далее – Правила).

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) городской рельсовый транспорт – вид транспорта (трамвай), предназначенный для перевозки пассажиров по путям в границах города;

      2) местный уполномоченный орган – государственный орган, осуществляющий руководство в сфере пассажирского транспорта города Усть-Каменогорска;

      3) перевозчик – физическое или юридическое лицо, владеющее транспортным средством на праве собственности или на иных законных основаниях, предоставляющее услуги по перевозке пассажиров, багажа, грузов и почтовых отправлений за плату или по найму и имеющее на это соответствующее разрешение, выданное в установленном порядке.

      Иные понятия, используемые в настоящих Правилах, определены в законодательных актах Республики Казахстан.

      3. Субсидированию подлежат убытки перевозчика, образовавшиеся по результатам выполнения перевозок городским рельсовым транспортом (трамваем).

      Убытки от выполнения перевозок определяются как разница между доходом от перевозок и суммой эксплуатационных расходов.

      4. Субсидирование пассажирских перевозок городским рельсовым транспортом (трамваем) производится из средств местного бюджета.

      Глава 2. Порядок субсидирования пассажирских перевозок городским рельсовым транспортом (трамваем) в городе Усть-Каменогорске

      5. Доходы за выполненные перевозки по маршрутам городского рельсового транспорта рассчитываются как стоимость одной поездки пассажира, умноженная на количество перевезенных пассажиров.

      При этом объем перевезенных пассажиров на предстоящий период определяется по прогнозным данным с учетом данных предыдущего периода с последующим представлением отчета, составленного по фактическим данным.

      6. В эксплуатационные расходы на пассажирские перевозки входят:

      1) фонд заработной платы работников предприятия (с социальными отчислениями и отчислениями на обязательное социальное и медицинское страхование работников);

      2) фактические затраты на электроэнергию (сумма затрат на электроэнергию делится на количество маршрутов, затраты распределяются на каждый маршрут);

      3) эксплуатационные расходы на содержание и ремонт подвижного состава, затраты на проведение технического осмотра, технического обслуживания и ремонта подвижного состава и вспомогательной автотракторной техники, включая затраты на приобретение горюче-смазочных материалов и запасных частей;

      4) эксплуатационные расходы на содержание и ремонт контактной и кабельной сетей, тяговых подстанций, городских рельсовых путей;

      5) амортизационные отчисления;

      6) накладные расходы, включающие затраты на оплату услуг связи, охраны, страхования, инкассации, обучения, переобучения и повышения квалификации, медицинского осмотра персонала, командировочных расходов, затраты на приобретение канцелярских товаров, медикаментов, специальной одежды и средств индивидуальной защиты для производственного персонала, затраты на содержание производственных зданий и сооружений, включающие затраты на оплату коммунальных услуг (поставка тепловой энергии, воды и стоков);

      7) рентабельность 15 процентов;

      8) расходы по финансированию банками второго уровня, связанные с модернизацией транспорта для осуществления пассажирских перевозок городским рельсовым транспортом (трамваем).

      7. Местный уполномоченный орган на основе доходов и расходов, указанных в пунктах 5 и 6 Правил, определяет объем субсидирования городского рельсового транспорта (трамвая).

      8. Выплаты субсидий из средств местного бюджета по городскому рельсовому транспорту (трамваю) производятся местным уполномоченным органом ежемесячно в соответствии с планом финансирования по обязательствам и платежам, а также договором о субсидировании убытков перевозчика.

      9. Перевозчик, осуществляющий перевозку пассажиров городским рельсовым транспортом (трамваем), ежемесячно, в срок до 15 числа месяца, следующего за отчетным, представляет в местный уполномоченный орган в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан о документировании, управлении документацией и использовании систем электронного документооборота в государственных и негосударственных организациях следующие документы:

      1) отчет о фактически перевезенных пассажирах городским рельсовым транспортом (трамваем), по форме согласно приложению 1 к Правилам;

      2) акт выполненных работ по форме согласно приложению 2 к Правилам;

      3) отчет о доходах и расходах городского рельсового транспорта (трамвая) по форме согласно приложению 3 к Правилам;

      4) справка о выполненных рейсах по маршрутам городского рельсового транспорта (трамвая), по форме согласно приложению 4 к Правилам;

      5) отчет по доходам от реализации билетов, поступивших от перевозки пассажиров городским рельсовым транспортом (трамваем), согласно приложению 5 к Правилам;

      В случае отсутствия одного из перечисленных документов, местный уполномоченный орган отказывает в приеме документов.

      В течение двух рабочих дней со дня приема документов местный уполномоченный орган уведомляет перевозчика о принятом решении в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      10. В случае принятия положительного решения местный уполномоченный орган в течение пяти рабочих дней со дня представления перевозчиком документов, указанных в пункте 9 Правил, подписывает акты выполненных работ.

      11. Выплата субсидий за последний календарный месяц года осуществляется на основе представленного не позднее 20 декабря отчета по субсидируемым маршрутам городского рельсового транспорта, составленного по прогнозным данным с последующим представлением отчета, составленного по фактическим данным в срок не позднее 25 января следующего года. В случае превышения заявленных прогнозных данных над фактическими, разница подлежит возврату в местный бюджет.

  Приложение 1 к Правилам
субсидирования пассажирских
перевозок городским
рельсовым транспортом (трамваем)
в городе Усть-Каменогорске

Отчет о фактически перевезенных пассажирах городским рельсовым транспортом (трамваем)

      ________________________________________________________

      (наименование перевозчика)

      за ___________________ 20_ год

    № п/п

Наименование маршрута городского рельсового транспорта (трамвая) (номер маршрута)

Установленный тариф на 1 (одного) пассажира

Количество перевезенных пассажиров в течение отчетного месяца

Средства, поступившие от перевозок пассажиров, тенге

1

2

3

4

5






      Руководитель организации

      Главный бухгалтер

      Место печати

      \

  Приложение 2 к Правилам
субсидирования пассажирских
перевозок городским
рельсовым транспортом (трамваем)
в городе Усть-Каменогорске

Акт выполненных работ

      город Усть-Каменогорск "___"______________20___ года

      Мы, нижеподписавшиеся, представитель местного уполномоченного органа_____________________________________________________________

      (наименование)

      _________________________________________________________________

      (должность, фамилия, имя, отчество (при его наличии) руководителя)

      с одной стороны, и представитель перевозчика __________________________________________________________________

      (наименование)

      __________________________________________________________________,

      (подпись, фамилия, имя, отчество (при его наличии) руководителя, главного бухгалтера)

      с другой стороны, составили настоящий акт о том, что выполненные работы по перевозке пассажиров городским рельсовым транспортом (трамваем) по________________________________________________________________

      (вид сообщения) (наименование, номер маршрута)

      маршруту за "__" __________ 20__ год соответствуют условиям договора.

      Количество перевезенных пассажиров составляет:

      __________________________________________________________________.

      (количество пассажиров цифрами и прописью)

      Сумма субсидирования составляет:

      __________________________________________________________________.

      (сумма цифрами и прописью в тенге)

      Юридические адреса сторон:

Заказчик:

Перевозчик:

Наименование

Наименование

Адрес

Адрес

Банковские реквизиты

Банковские реквизиты

Место печати

Место печати

  Приложение 3 к Правилам
субсидирования пассажирских
перевозок городским
рельсовым транспортом (трамваем)
в городе Усть-Каменогорске

Отчет о доходах и расходах городского рельсового транспорта (трамвая) за____месяц 20__ года

Наименование, номер маршрута

Зарплата, тысяч тенге

Электроэнергия, тысяч тенге

Смазочные материалы и автомобильное топливо, тысяч тенге

Эксплуатационные расходы на содержание и ремонт подвижного состава, тысяч тенге

1

2

3

4

5






Эксплуатационные расходы на содержание и ремонт контактных сетей, городских рельсовых путей, тысяч тенге

Эксплуатационные расходы на содержание производственных зданий и сооружений, тысяч тенге

Диспетчеризация движения, тысяч тенге

Техническое обслуживание и текущий ремонт, тысяч тенге

6

7

8

9





Амортизация, тысяч тенге

Накладные расходы, тысяч тенге

Всего расходы, тысяч тенге

Всего доходов, тысяч тенге

Убытки, тысяч тенге

10

11

12

13

14






      Руководитель организации

      Главный бухгалтер

      Место печати

  Приложение 4 к Правилам
субсидирования пассажирских
перевозок городским
рельсовым транспортом (трамваем)
в городе Усть-Каменогорске

Справка о выполненных рейсах по маршрутам городского рельсового транспорта (трамвая)

      ____________________________________________________

      (наименование перевозчика)

      за ___________________ 20____ год

    № п/п

Наименование рейсов

Количество рейсов

Пробег, трамвай/километр

Примечание

план

факт

план

факт

1







2







3







Итого:







      Начальник службы движения

      Экономист

      Руководитель организации

      Место печати

  Приложение 5 к Правилам
субсидирования пассажирских
перевозок городским
рельсовым транспортом (трамваем)
в городе Усть-Каменогорске

Отчет по доходам от реализации билетов, поступивших от перевозки пассажиров городским рельсовым транспортом (трамваем)

      ____________________________________________________

      (наименование перевозчика)

      за _______________ 20_ год

    № п/п

Наименование

Количество, единицы

Тариф, тенге

Сумма, тенге

Примечание

1

2


3

4

5

1

Доходы от реализации билетов наличными деньгами





2

Доходы от реализации оплаты проезда безналичным путем (электронной оплаты)





3

Компенсация по льготным категориям граждан





4

Прочие доходы






Итого доходы, тенге:





      Руководитель организации

      Главный бухгалтер

      Место печати