Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Березовка ауылдық округінің Березовка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Березовка ауылдық округінің Березовка ауылының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Пионерская көшесі Көктем көшесіне;
Октябрьская көшесі Абылай хан көшесіне;
Колхозная көшесі Отан көшесіне;
Киров тұйық көшесі Достық тұйық көшесіне.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Березовка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте;
1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Березов ауылдық округінің әкімі | Т. Таганбеков |