Катонқарағай ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 3/30-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 11 мамырда № 8844-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2023 жылға туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері - болу құнының 1 (бір) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Катонқарағай аудандық мәслихатының төрағасы Б. Болаев

Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2023 год по Катон-Карагайскому району

Решение Катон-Карагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 28 апреля 2023 года № 3/30-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 11 мая 2023 года № 8844-16

      "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 ноября 2021года № 787 "Об утверждении Правил уплаты туристского взноса для иностранцев", Катон-Карагайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить ставки туристского взноса для иностранцев в местах размещения туристов на 2023 год – 1 (один) процент от стоимости пребывания.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Катон-Карагайского районного маслихата Б. Болаев