Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Күршім аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 қазандағы № 9/7-VII "Күршім ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 24959 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Күршім ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік - еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (әрі қарай – шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.";
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Оқуға арналған шығындарды өндіріп алу үшін қажетті құжаттар шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасында белгіленген тізбеге сәйкес ұсынылады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | К. Бахтияров |