Ұлан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 98 "Ұлан ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 50 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 4 шілдеде № 8884-16 болып тіркелді

      Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ұлан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 98 "Ұлан ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26153 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ұлан ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі –шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.";

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі шығындарды өтеу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес беріледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Г. Калиева

О внесении изменений в решение Уланского районного маслихата от 27 декабря 2021 года № 98 "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Уланском районе"

Решение Уланского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27 июня 2023 года № 50. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 4 июля 2023 года № 8884-16

      Уланский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Уланского районного маслихата "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Уланском районе" от 27 декабря 2021 года № 98 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 26153) следующие изменения:

      в приложении 1 к указанному решению:

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Настоящий порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Уланском районе разработаны в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью", утвержденными Приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2021 года № 84 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 22394) (далее - Правила возмещения затрат).";

      пункт 4 изложить в новой редакции:

      "4. Возмещение затрат производится с месяца обращения по месяц окончания срока, указанных в справке из учебного заведения, подтверждающих факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.";

      пункт 6 изложить в новой редакции:

      "6. Перечень документов, необходимых для возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью предоставляется согласно приложению 3 к Правилам возмещения затрат.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата Г. Калиева