Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ұлан ауданы мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы № 250 "Ұлан ауданы бойынша жерді аймақтарға бөлу және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициентерінің жобаларын (сызбалар) бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-17-210 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Г. Калиева |