Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Деркөл кенті құрамындағы Ливкино және Кордон елді мекендері таратылсын.
2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы осы бірлескен қаулы және шешімнің Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Турегалиев |
Мәслихат төрағасы | М. Мукаев |