Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған басым дақылдардың тiзбесі және субсидиялар нормалары бекітілсін.
2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Турегалиев |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 240 |
|
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы " " № қаулысымен бектілген |
2023 жылға арналған басым дақылдардың тiзбесі және субсидиялар нормалары
№ | Басым дақылдардың атауы | 1 тоннаға арналған субсидия нормасы, теңге |
1 | Күнбағыс | 15 000 |
2 | Мақсары | 10 000 |