Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Учаскелiк комиссиялар туралы ережені бекіту туралы" 2020 жылғы 5 маусымдағы №134 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6281 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Турегалиев |