Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Орал қаласы әкімінің "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2021 жылғы 7 шілдедегі №12 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23406 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Бірыңғай мемлекеттік-құқықтық жұмыстар қызметі бөлімінің басшысы осы шешімнің Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Орал қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | М.Сатқанов |